È

«Қалай да той жасау» комедиясы Қырғызстан кинотеатрларынан көрсетілмек

«Қалай да той жасау» комедиясы Қырғызстан кинотеатрларынан көрсетілмек

12 сәуірден бастап «Қалай да той жасау» отандық комедиясы Қырғызстандық айналымға шығады. Тұсаукесерлі көрсетілім Бішкекте Broadway кинотеатрында режиссерлар Қанағат Мұстафин мен Айдын Сахаманның, продюсерлер мен актерлардың қатысуымен өтеді.

Фильм кейіпкері – Мақсат, жақында оның туған қарындасының «Қыз ұзату» тойы болады. Ата-анасы оған мейрамхана ақшасын төлеуді тапсырады. Мақсат сеніп тапсырылған ақшаны жолда жоғалтып алады. Таныстарынан қарызға ақша сұрауға мүмкіндік жоқ, ал мерекелік салтанат ертең болады. Кейіпкерге әріптестері – жергілікті телеарнаның қызметкерлері көмекке келеді.

Авторлар сценарийімен жарты жылдай айналысты. Алайда, жоба идеясы 5-6 жыл бұрын туындаған және «Қалай да той жасау» телефильм болады деп жоспарланған. Бірнеше жылдан соң KANAIDAR Production, BozOk Film және Arai Media group компаниялары тәуекелге бел байлап, кинотеатрлы айналымға арналған фильм түсіруді жөн көрген.

Отбасылық комедияға Шәріп Серік, Айым Сейтметова, Динара Бақтыбаева, Жан Байжанбаев, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет, Максим Акбаров түсті. Сонымен қатар, түсірілімге эстрада жұлдыздары Қайрат Нұртас, Айқын Төлепберген және Салтанат Бақаева асталысты.

Фильм қазақстандық айналымға 2018 жылдың 21 наурызында шыққан болатын.

«Қалай да той жасау» комедиясының трейлерін мына жерден көре аласыздар.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер