È

«Гоп-стоп» қысқаметражды фильмі

 «Гоп-стоп» қысқаметражды фильмі

«Жас Дидар-2015» байқауының жеңімпаздары Алдияр Байракимов және Венера Каиржанова уақытша атауы «Гоп-стоп» деп аталатын қысқаметражды фильм түсірді. Картина «Қазақфильм» киностудиясында «Дебют» бағдарламасы аясында өндіріске жіберілді. Режиссердың айтуынша, фильмнің сценарийі біреше жыл бұрын жазылған.

«Уақытша атауы «Гоп-стоп» фильмнің синопсисі және сценарийдің нұсқалары 2010 жылы жазылған болатын. Бірақ ол кезде мен фильм түсіруге дайын емес едім. Идеяны сөреге қоя тұруға тура келді. Өткен жылдың басында «Қазақфильмде» «Дебюттар» конкурсы ұймдастырылды. Сонда біз Венера екеуміз өз портфолиомызды апардық, солардың ішінде дайын сценарий осы «Гоп-стоп» фильмінік болды. Қарашаның соңында жобаның өндіріске жіберілетінін хабарлады», -дейді Алдияр Байракимов.

Сценарийдің соңғы нұсқасын жасауға Венера Қаиржанова мен Болат Ысқақов атсалысты. Шығармашылық үштіктің бірлесуінің нәтижесінде түрлі әлеуметтік кластан шыққан екі адамның арасындағы қақатығыс жайлы оқиға жазылып шықты.

«Фильм тағдырлары әртүрді екі жасөспірім жайлы. Біреуі базарда арба итергіш болып жұмыс істейді, екіншісі ақсы мектепте оқиды, анасымен бірге тұрады. Бір оқиғадан кейін кейіпкерлердің өмірі күрт өзгереді. Фильм біздің қоғамдағы кейбір жайттарды баяндайды, ер ержету, отбасының маңыздылығы, сенім мен аяушылық сезімдері жайлы ой қозғайды», - деп түсіндірді Венера Қаиржанова.

басты рөлдер «Сталкер» киномектебінің студенті Әлішер Абуовқв және Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА колледжінің студенті Шарифбек Закировқа бұйырды.

«Біздің фильмде қосымша және эпизодтық рөлдер көп. Кастинг-директорымыз Мария Абадиеваға оңай болған жоқ. Сондай-ақ фильмге Nomad stunts командасының үздік каскадерлері қатысты. Жайдарбек Күнғожинов пен оның тобына шексіз алғыс білдіреміз. Тимур Джанышев - төбелесті қойды, Алтынбек Шәкен қиын көріністердің бірінде каскадер болды», - дейді Алдияр.

Авторлардың айтуынша қысқа мерзімге қарамастан олар жақсы түсірілім тобын жасақтаған. Жобаның екінші режиссеры Мәдина Әлімхан, атқарушы родюсердің міндетін Нина Лаврик өз мойнына алды, қоюшы-суретші Джалалитдин Ибрагимов, дыбыс режиссеры - Анастасия Самойлова, кастингке жауапты Мария Абадиева, локацияға жауапты - Гаухар Салюкова, кейіпкерлердің костюмі мен образы Сабина Әміроваға сеніп тапсырылды. Авторлар қоюшы-операторды ұзақ іздеді. нәтижесінде түсірілім тобына Влад Зажерило қосылды.

«Гоп-стоп» фильмінің түсірілімі 2016 жылдың 19 желтоқсанынан 21-әне дейін жалғасты, түсірілім алматыда өтті.

Қазір картина пост-продакшн деңгейінде. Авторлар фильмі түрлі фестивальдарға қатыстыруды жопарлап отыр.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер