È

«Қызыл торғай» айналым үздігі «Дэдпул 2» картинасын ығыстырды

«Қызыл торғай» айналым үздігі «Дэдпул 2» картинасын ығыстырды

Жаздың алғашқы демалысында отандық экранға Дженнифер Лоуренстің қатысуындағы «Қызыл торғай» таспасы, Радж Госнеллдің «Қорғаудағы төбеттері» және құндыз бен мысықтың хикаяларын баяндайтын ресейлік «Қос құйрық» мультфильмі шықты. Айналым жаңалықтары тұсаукесерлі демалыста қанша ақша жинады екен, Қазақстандағы кассалық жинақ рейтингі қандай, барлығын төменнен оқыңыздар.

«Қызыл торғай» фильмі тұсаукесерлі демалыста 44 145 000 теңге жинады. Таспа ОББ-ның бұрынғы жедел қызметкері Джейсон Мэттьюстың аттас романы негізінде түсірілді. Автор жұмысын аяқтамас бұрын, оқиғасының экрандау құқығын жеті таңбалы сомаға сатып жіберген. Режиссерлік қызмет Даррен Аронофски мен Дэвид Финчерге, ал басты әйел рөлі Руни Маруға берілуі тиіс еді. Алайда, кейін режиссерлік орын Френсис Лоуренске, ал алдыңғы қатарлы рөл Дженнифер Лоуренске бұйырды.

Алдыңғы екі аптаның айналым үздігі «Дэдпул 2» екінші орынға түсіп қалды. Фильм үшінші демалыста 19 654 800 теңге жинады. Домино рөліне үміткерлер көп еді. Олардың арасында Лиззи Каплан («Одақтастар»), Сиенна Миллер («Түн заңы»), Маккензи Дэвис («Жүзбен жүгіруші 2049») және София Бутелла болды. Соңында, рөл «Атланта» хикаясының жұлдызы Зази Битцке бұйырды.

«Дэдпул 2» фильмінен көрініс
«Дэдпул 2» фильмінен көрініс

Үшінші орынға «Хан Соло. Жұлдыздар соғысы. Тарих» ие болды. Оның жинағы 15 572 139 теңгені құрайды. Алғашында жоба режиссерлері Фил Лорд пен Кристофер Миллер болды. Кейін, түсірілімнің аяқталуына үш апта қалғанда қоюшылар сценарист Лоуренс Кэзданмен келіспей қалып, жобадан кетіп қалады. Жобаны аяқтау үшін жұмысқа режиссер Рон Ховард шақырылды, ол материалдың 70%-ға жуығын қайта түсірді.

«Жыныстық қатынас болмайды!!!» комедиялық таспасы 10 177 200 теңге жинады. Фильм 43 жасар актриса, сценарист әрі продюсер Кэй Кэннонның дебюті болды. Әйел танымал «30 студия» және «Жаңадан келген қыз» хикаяларының сценаристі ретінде жақсы таныс. Сондай-ақ, ол «Мінсіз дауыс» фильмінің үш бөлімін жасауға атсалысқан. Кэй дебютті жұмысын Техас штатында өткен «Оңтүстікке оңтүстік-батыс арқылы» кинофестивалінде таныстырған болатын.

«Қорғаудағы төбеттер» картинасы 10 071 600 теңге көлемінде пайда тапты. Фильм режиссері Раджи Госнелл болды, бұл оның иттер жайлы төртінші жұмысы. Алдыңғылары - «Скуби-Ду» (2002), «Скуби-Ду 2: Бостандықтағы құбыжықтар» (2004) және «Беверли-Хиллз кішкентайлары» (2008). Қоюшы өзінің жаңа жобасына актер Алан Каммингті шақырды. Екеуі бұрын «Смурфиктер» (2011) және «Смурфиктер 2» (2013) таспаларымен айналысқан.

«Қорғаудағы төбеттер» фильмінен көрініс
«Қорғаудағы төбеттер» фильмінен көрініс

«Қос құйрық» ресейлік мультфильм айналымды 9 605 161 теңге жинағымен бастады. Картина қос режиссер Наталья Нилова мен Виктор Азеевтің бірінші жұмысы болды. Сценарийіне Василий Ровенский атсалысты, «Қос құйрық» оның екінші анимациялық жобасы. Алғашқысы 2017 жылы экранға шыққан «Ғажайып Юдо» болатын. Сценаристің қоржынында көркем фильмдер де бар: «Есімде-есімде жоқ!» (2015), «Сыныптастар» (2016) және «Сыныптастар: Жаңа бұрылыс» (2017).

«Кек алушылар. Мәңгілік соғыс» блокбастері 7 994 331 теңге жинады. Marvel Studios-тің хабарлауынша, фильмге 64 басты кейіпкер жиналған. Көптеген жанкүйерлер басқа да кейіпкерлерді көреміз деп ойлады, өйткені ағайынды Руссолар алғашында аталмыш картинада Капитан Марвелдің де болуын жоспарлаған. Бірақ, кейін режиссерлар бұл кейіпкердің жеке фильмде дебют жасайтынын және «Кек алушылар. Мәңгілік соғыс» сиквелінде шығуы мүмкін екенін айтқан.

«Борт сыртында» американдық комедиясы 5 496 40 теңге жинады. Картинаға «Үй шаруасындағы батыл әйелдер» хикаясының жұлдызы Ева Лонгория түсті. Актриса үшін фильм 16-шы толықметражды жоба болып табылады. Картина 2017 жылдың мамырында түсірілді. Түсірілім Канаданың Ванкувер қаласында өткен.

«Елестер хикаясы» 4 111 412 теңгемен және «Шимай дәптер» 4 090 643 теңгемен бес миллионға да жете алмады.

Ең аз касса жинағандар: «Менің өмірім» - 903 00 теңге және «Садко» мультфильмі - 524 700 теңге.

 

*Материал Meloman Entertainment және Ticketon.kz компанияларының мәліметтері бойынша дайындалды

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер