«Куб» «Киносынама-2017» ХКФ-де жүлделі болды
Максим Қодаровтың «Куб» қысқамеражды фильмі Екатеринбургте өткен XIV Халықаралық «Киносынама» мектебінің фестивалінде көзге түсті. Картина Студенттік қазылар алқасының негізгі жүлдесін жеңіп алды.
«Киносынама-2017» фестивалі Екатеринбургте өтті. Отандық таспа Башқұртстан, Грузия, Қырғызстан, Ресей, Украина және Тайвань елдерінен келген 9 жұмыспен қатар «Дебютті фильмдер» бөлімінде ұсынылды. Фестивальге 100 фильм қатысқан.
«Куб» фильмінен көрініс
«Куб» кинотаспасы – музыкалық мектепте еден жуушы болып жұмыс істейтін жасы үлкен әйелдің хикаясы. Ол да кезінде осы мектепке оқыған, болашағынан зор үміт күттірген еді. Өмірдің бір күндік қызықтарына елітіп кетпегенде, дұрыс жолды таңдап, өмірі басқа арнаға бұрар ма еді.
Еске салсақ, «Куб» «Қырғызстан - қысқаметражды фильмдер елі» ХКФ байқау бағдарламасына енген. Ол 15 желтоқсан күні басталады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін