È

Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» картинасы Festival paysages de cinéastes-те қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды

Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» картинасы Festival paysages de cinéastes-те қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды

Отандық режиссер Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмі Франциядағы Festival paysages de cinéastes кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесін иеленді. Осы жүлденің арқасында картина Канададағы Festival du nouveau cinéma de Мontréal фестивалінің негізгі байқауына енеді.

Кинофестивальдің ұйымдастырушылары барлық көрермендерге, бүкіл әлемнен «кинематография пейзажын» көру үшін шақырылған режиссерларға қызықты болатын фильмдерді жинады.

«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінен көрініс
«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмінен көрініс

Картина режиссерінің айтуынша, «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» Токио халықаралық кинофестивалінің World Focus бөліміне енді, сондай-ақ таспа Берген мен Копенгагендегі кинофестивальдердің байқау бағдарламаларында көрсетілмек.

Фильм қыркүйек айында бес жүлде иеленді, олар – Алматы кинофестивалі қазылар алқасының арнайы жүлдесі, Қазанда «Үздік актер» номинациясы мен Гран-при, сонымен қатар Сахалинде кинотаспада басты рөлді сомдаған Қуандық Дүйсембаев көзге түскен болатын.

Festival paysages de cinéastes 8-13 қыркүйек аралығында Парижге жақын жерде орналасқан Шатен-Малабри қаласында өтті.

 

Данил Жигалин

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер