«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмі Қазан кинофестивалінің Бас жүлдесіне ие болды

Әділхан Ержановтың «Әлемнің мейірімді бейжайлығы» фильмі XIV Халықаралық Қазан мұсылман киносы фестивалінде (Татарстан, РФ) екі мәрте жеңіске жетті. Картина «Үздік ойнамалы толықметражды фильм» ретінде фестивальдің Бас жүлдесін иеленді, ал актер Қуандық Дүйсембаевтың ойыны «Үздік ер адам рөлі» номинациясын жеңіп алды.
«Әлемнің мейірімді бейжайлығы» салқынқанды шаһарға қарсы тұратын жас жұп жайлы баяндайды. Ауылдан қалаға көшуге мәжбүр болған Салтанат (Динара Бақтыбаева) және артынан еріп келген Қуандық (Қуандық Дүйсембаев) махаббат пен бір-біріне деген адалдыққа сыналады.
_2qj7.jpg)
Бұл күндері Әділхан Ержанов өз жұмыстарын, соның ішінде «Әлемнің мейірімді бейжайлығын» Францияда Халықаралық L’Etrange Festival («Біртүрлі фестиваль») альтернативті кинофестивалінде таныстырып жатыр. Жуырда фильм Тулуздағы FIFIGROT ХКФ-не және Франция аумағында өтетін Шатен-Малабридегі Festival Paysagesde Cinéastes-қа қатысады.
Жақында басты рөлді сомдаған Қуандық Дүйсембаев «Жердің қиыры» ХКФ-де марапатталған болатын.
Айта кету керек, Серік Апрымовтың «Әкеге қоңырау шалу» отандық таспасы да Қазан кинофестивалінде жүлделі болған еді. Фильм «Ислам әлеміндегі мәдени диалог үшін» арнайы жүлдесіне ие болды. Қысқаметражды деректі кино бөліміне Жайық Белқожаевтың «Мен оралдым» фильмі де қатысты.
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін