È

«Мэнди»: сұсты Николас Кейдж байкерлер бандасына қарсы

«Мэнди»: сұсты Николас Кейдж байкерлер бандасына қарсы

RLJE Films студиясы итальяндық режиссер Панос Косматостың («Қара кемпірқосақтың басқа қыры») «Мэнди» триллерінің бірінші ролигін ұсынды. Биылғы қаңтарда таспа «Сандэнс» фестивалінде сыншылар мен көрермендердің жақсы пікірлеріне ие болды. Сұсты, кейде бағалана бермейтін Николас Кейдж («Адамзат бюросы», «Ана мен әке»), Голливудтағы актер-мем «Мэнди» арқылы үздік жұмысын көрсетті, ол ішкі түйсігі мол кейіпкерді тамаша ойнап шықты.

Рэд (Николас Кейдж) және Мэнди (Андреа Райзборо, «Жыныстылар шайқасы», «Түн жамылғанда») көлдің жағасында тыныш өмір сүріп жатады. Бірақ, кенеттен қорқынышты байкерлер бандасының желікпе көшбасшысы Иеремия Сэнд (Лайнас Роуч, «Әуе маршалы», «Викингтер» хикаясы) олардың үйіне баса-көктеп кіріп, жұмбақ ырым жасау үшін Мэндиді ұрлап әкетіп, оның жаны мен денесіне иелік етуді көздейді. Бұл сұмдық жағдай Рэдтің кек алуына дейін апарады.

«Мэнди» триллері 2018 жылдың 27 қыркүйегінен бастап айналымға шығады. Афишамызды қарап жүріңіздер.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер

Венера Нығматулина

Актриса