Мэри Элизабет Уинстэд («Кловерфилд,10», «Швейцариялық қанжар-адам») «Егіздің сыңары» («Gemini Man») фильмінде басты рөлді сомдауға дайындық үстінде. Триллердің басты жұлдызы - Уилл Смит («Жарқындық», «Елесті сұлулық»). Жобаның режиссерлік орнына Энг Ли («Пи өмірі», «Дөңес тау») жайғасты. Ақпан айында басталатын түсіріліммен Skydance және Paramount айналысатын болады.