È

Мишель Уильямс құпия түрде тұрмысқа шықты

Мишель Уильямс құпия түрде тұрмысқа шықты

37 жасар актриса Мишель Уильямс («Тұла бойы сұлу», «Әйгілі шоумен») рок-музыкант, Mount Eerie тобының вокалисті, 40 жасар Фил Элверумге құпия түрде тұрмысқа шықты. Уильямс жеке өмірін жариялауды ұнатпайды, сондықтан осы уақытқа дейін оның болашақ жарымен арадағы қарым-қатынасын ешкім білмеген. Олар ортақ достары арқылы танысып, құпия түрде некелерін қиған, ал Адирондак қалашығында болған салтанатты шараға тек достары мен балалары ғана қатысқан.

Қос жұлдыз да осыған дейін сүйіктілерінен айырылып қалған. Уильямстың серігі мен 12 жасар қызы Матильданың әкесі актер Хит Леджер («Қара жауынгер», «Патриот») 2008 жылы 28 жасында қайтыс болған. Элверумның әйелі Женевьева Кастрэ 2016 жылы сүт безі рагынан қайтыс болды, ол кезде балалары Агата әлі сәби болатын. Алдыңғы жолы осы айда Фил Элверум қызымен бірге Уильямсқа Нью-Йорктегі Бруклинге көшіп барды.

«Менің ешқашан махаббаттан көңілім қалған емес. Мен әрдайым Матильдаға былай деп айтамын: «Сенің әкең мені ешкім сүймегендей жақсы көрді, содан кейін ғана менің әдемілігім мен дарыныма қарады». Мен өмірімде болған махаббаттарым жайлы айтпауға тырысамын. Мен Филды сүйемін. Басқа ешкімді емес. Бұл өте маңызды. Ол да мені сүйеді әрі жеке тұлға ретінде өмірімді өз қалауымша сүргім келетінімді біледі. Мен жұмыс істеймін, бұл мені тәуелсіз етеді. Ана ретінде Матильданың өз-өзінен ұялмауына рұқсат беремін. Мені өзімді тәуелсіз сезіндіретін адам жақсы көреді», - деді Мишель Уильямс Vanity Fair-ге берген сұхбатында.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Новости персоны

18 Мамыр, 2016

Спорттық драма түсірілуде

Актер Тұрар Давильбеков «Быстрее себя» деп аталатын қысқа метражды фильм түсіруде. Бір апта көлемінде жүретін түсірілім жұмыстарына 30 адам тартылған.

Айнур

Новости персоны

24 Мамыр, 2016

Өнер академиясында Дәрежан Өмірбаевтың шеберлік класы өтеді

Режиссер «Учебные фильмы по теории и истории кино» атты кинотану жинағын таныстырады.   

Айнур

Новости персоны

3 Мамыр, 2016

Сәнді бұйымдар: актрисалар қалай киінеді?

Сәнге ілесу күлкілі, бірақ сәннен тыс болу тіпті ақымақтық. Өткеннің қайтып оралатын кездері болады, тіпті сән де. Айталық бұрын әжелеріміз бен аналарымыз пайдаланып, кейін жарамсыз болып қалған бұйымдар бүгінде әлемдік деңгейде сәнге айналып жатса, ешкім бұған таң қалмайды. 

Айнур

Новости персоны

20 Апреля, 2016

Тимур Бекмамбетов «Шашлыки» атты фильм түсірмек

Продюсер әрі режиссер Тимур Бекмамбетов қоюшы-режиссер Жора Крыжниковпен бірлесіп «Шашлыки» атты жаңа жобаға кіріспек. Фильм қорқынышты фильм және комедия жанрында түсіріледі деп жсопарлануда. 

Айнур

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса