È

«Хабарда» «Алтын жауынгер» деректі фильмінің тұсауы кесілді

«Хабарда» «Алтын жауынгер» деректі фильмінің тұсауы кесілді

 

«Хабар» телеарнасында «Алтын адам» археологиялық қазбасына арналған «Алтын жауынгер» деректі таспасының тұсауы кесілді. Сондай-ақ, кинотаспа BBC және Euronews арналарының эфирінен көрсетілді.

«Алтын жауынгер» фильмі мемлекет имиджін халықаралық аренада дамыту үшін «Қазақстанның салттық географиясы» бағдарламасы аясында түсірілді. Таспа өндірісімен «Қазақфильм» киностудиясы BBC WorldNews телеарнасының мамандарымен бірігіп айналысты. Картина түсірілімі былтырғы жылдың қыркүйек айында «Қазақфильм» аймағында және Есік, Үшқоңыр, Түркістан мен Қапшағай қалаларында өткен.

Түсірілімге отандық актерлар Аян Өтепберген, Динара Бақтыбаева, Фариза Ескермес, Оңдасын Бесікбасов және Шұғыла Сапарғали атсалысты.

Еске салсақ, былтырғы жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақфильм» елдің мәдени және салттық ескерткіштеріне арналған жиырмадан астам ғылыми-танымдық деректі фильмдер түсірген болатын.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер