È

Нұрлан Қоянбаев «Таиландтағы демалыс» комедиясының жалғасын түсіруді жоспарлап жүр

Нұрлан Қоянбаев «Таиландтағы демалыс» комедиясының жалғасын түсіруді жоспарлап жүр

«Таиландтағы демалыс» комедиясы экранға шықпай тұрып, продюсер Нұрлан Қоянбаев картинаның жалғасы туралы сөз қозғады. Оның айтуынша, картина продюсердің басқа жобасы – «Қазақша кәсіп Америкада» фильмінен еш кем емес».

«Таиландтағы демалыс» - фантастика элементтері бар жастар комедиясы, түсірілімі 2016 жылы күзде болған. Сюжетте ұстаз бен бір топ студенттер Таиландқа тап болады.

«Біз монтажын аяқтап, айналымға дайындалып жатырмыз. Менің ойымша, «Таиландтағы демалыс» «Қазақша кәсіп Америкада» фильмінен еш кем емес. Фильм қызықты, күлкілі әрі жарқын болып шықты. Жан Байжанбаев пен менен басқа, таспаға жас актерлар түсті. Қазір жалғасы туралы ойланып жатырмыз. «Дубайдағы демалыс» сияқты жоба түсірсек дейміз. Бірақ, соңғы сөз көрермендерде ғой. Егер оларға комедия ұнаса, екінші бөлімі де ұзақ күттірмейтін болады», - деді Нұрлан Қоянбаев.

Продюсердің сөзінше, көрермендер фильм көрсетілімі кезінде Диора Романова, Мәдина мен Медина Тәліпбек және Айсалқын Ринатқызы сынды жаңа бейнелерді көре алады. Сонымен қатар, экранға Қуаныш Жылжақсынов пен КТА ойыншысы Дидар Жексеков шығады.

Еске сала кетсек, отандық комедия айналымға 14 ақпан күні шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Алексей Пантелеев

Актер

Асылхан Төлепов

Актер