È

Нұртас Адамбай «Құдалар» комедиясының шығатын уақытын нақтылады

Нұртас Адамбай «Құдалар» комедиясының шығатын уақытын нақтылады

Режиссер, актер әрі продюсер Нұртас Адамбай «Құдалар» комедиясының постерін көрсетті. Кинематографшы фильмнің шығу күнін де нақтылады. Оның жаңа картинасын көрермендер осы жылдың 28 желтоқсанында бағалай алады.

«Құдалар» атты жаңа комедиямыздың монтажын аяқтадық! Жанға жайлы әрі көңілді кино шықты! Студиямыздың атынан жаңажылдық сыйлық! Қыздарыңыз шымкенттік жігітке ғашық болып қалса, не істейсіздер?», - деп жазды Нұртас Адамбай жеке Инстаграм парақшасына.

«Құдалар» картинасы бізді жас жұп Диана және Даниярмен және олардың ата-аналарымен таныстырады. Диана – Алматылық қыз, оны ата-анасы әкімнің қызына бермек болған. Данияр – Шымкенттің жігіті, ата-анасы оған жуас әрі шаруаға пысық бойжеткенді іздеп жүрген. Бірақ, Диана мен Данияр үйленетіндерін айтқанда, ересектердің жоспары бір-ақ сағатта бұзылады. Балалардың бақыты үшін екі отбасы жақынырақ танысып, бір-бірін өлтіріп қоймауға тырысады.

Картинаға Динара Бақтыбаева, Олжас Рымбаев, Жан Ізбасар және Райхан Қалиолдина түсті. Нұртас Адамбай комедияда Диананың анасы, Жаннет есімді құдағиды сомдайды.

Айта кету керек, «Құдалар» Nurtas Production компаниясының 2018 жылы жарыққа шығатын жалғыз фильмі емес. 11 қазанда айналымға «Жеделсаты» триллері шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер