È

VII «Бастау» ХКФ жеңімпаздары анықталды

VII «Бастау» ХКФ жеңімпаздары анықталды

5-8 қараша аралығында Алматыда студенттік фильмдер мен киномектептердің VII «Бастау» Халықаралық кинофестивалі өткен еді. Байқау бағдарламасында ТМД, Азия мен Еуропа елдерінің жас режиссерларының жұмыстары таныстырылды.

Биылғы жылы Әділхан Ержанов жетекшілігіндегі іріктеу комиссиясы келіп түскен 320 өтініштен 47 картинаны таңдап алды.

Кинофестиваль президенті Сергей Әзімовтың айтуынша, «Бастау» студенттік кино мен кинобілімге қатысты көзқараспен алмасудың нағыз платформасына айналды. Ол фестивальдің әр түрлі елдерден келген жас кинематографшылар мен студенттер үшін пайдалы болғанына сенімді.

Берік Жаханов
Берік Жаханов

Байқаудың қазылар алқасының құрамында грузиндік режиссер Ираклий Квирикадзе, монтаж режиссері Сильван Кутандин, ресейлік актриса Эльвира Болгова, қырғыз режиссері Темірбек Бірназаров, отандық режиссер Сәбит Құрманбеков болды.

VII «Бастау» ХКФ-де Гран-при жүлдесін Ресейден келген Адам Дунаевтың «Зәуре туралы хат» картинасы иеленді.

«Үздік ер адам рөлі» аталымына «Кешегі қалдық» таспасында ойнаған Түркиялық Ахмед Варли ие болды.

«Үздік әйел рөлі» жүлдесі «Ана» фильмі үшін Өзбекстандық Эльмира Рахимжоноваға бұйырды.

Үздік оператор ретінде Вахтанг Кхубитя көзге түсті, «Айқай», Ресей.

Үздік сценарий жүлдесі Ийе Кимге берілді, «Бірге келеміз», Оңтүстік Корея.

Қазылар алқасының арнайы жүлдесін Данияр Әзімовтің «Әлем адамы» картинасы иеленді, Қазақстан.

Дәрежан Өмірбаев
Дәрежан Өмірбаев

Қазылар алқасының ерекше аталымына Германиядан келген Синье Кольэнің «Ашық аспан астындағы симфония» картинасы ие болды.

Испандық режиссер Яго Матеоның басшылығындағы студенттік қазылар алқасы Гран-приді Әлішер Жәдігеровтің «Отау» картинасына берді, сондай-ақ Сингапурлық Тэнг Ван Синянің «Ақ қалампыр» таспасын арнайы сыйлықпен марапаттады.

«Ораз Әбішев атындағы үздік деректі фильм» жүлдесі «Атамұра» таспасын түсірген отандық режиссер Берік Жахановқа табысталды.

Дарежан Өмірбаев «отандық кинематографтың дамуына қосқан үлесі үшін» марапатталды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Игорь Бабичев

Актер

Максим Митрофанов

Актер

Джон О’Нил

Актер

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер