È

Ермек Тұрсыновтың жаңа фильміне кастинг жарияланды

Ермек Тұрсыновтың жаңа фильміне кастинг жарияланды

Кинорежиссер және публицист Ермек Тұрсынов көрермендерге арнап «Шеңбер» жұмыс атауымен жаңа таспаны әзірлеуде. Түсіруді жоспарлап отырған ертегі-фильмнің актерларына кастинг жариялайды.

Кастингке ұлтына, жасына, жынысына қарамастан, кез келген адам қатыса алады. Іріктеуге кәсіби актерлермен қатар, әуесқой адамдар да қатыса алады. Кинода өзінің бағын сынап көргісі келетіндер tursunovcasting@gmail.com. электронды адресіне өзі жайлы мәліметтер мен суреттерін жіберуі керек.

Ермек Тұрсынов шетелдерге белгілі «Келін» және «Шал» картиналарының авторы болып табылады. Режиссер қазақстандық киноға жаңа бейнелерді алып келді. Оның жарқын үлгісі ретінде Гүлшарат Жұбаева мен Ерболат Тоғызақовты атап айтуға болады.

Айта кетейік, 2017 жылдың тамызында Ермек Тұрсынов «Киномеханик» фильмінің түсірілімін аяқтады.

 

Превью: Андрей Лунин

 

 

 

3 пікір

Пікір қалдыру үшін

Абдула Оздоев

18 мамыр 2020, 17:20

Здравствуйте как сниматься

Алтынбек Рашитович

10 тамыз 2020, 04:28

Как сниматься в кино

Талгат Есетов

10 тамыз 2020, 14:14

Кастинг уже закончен???

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер