È

Асқар Ұзабаевтың «91» фильмі саундтрегінің тұсаукесері күтілуде

Асқар Ұзабаевтың «91» фильмі саундтрегінің тұсаукесері күтілуде. Қазақстан киносы

24 тамыз күні еліміздің барлық кинотеатрларында танымал Ninety One тобына арналған «91» фильмінің көрсетілімі басталады. Авторлар кинокартина шықпай тұрып, саундтрек жазып үлгерді. Оның тұсаукесері жақын арада болмақ. Жоба туралы толығырақ продюсер Әсел Сәдуақасова мен режиссер Асқар Ұзабаев «Ревю» бағдарламасына айтып берді.

«Бұл бір ерекше жаңалық болады. Менің ойымша, ән – биылғы жаздың хитіне айнамақ»,-дейді саундтрек туралы режиссер Асқар Ұзабаев.

Жақында таспаның жабық көрсетілімі өтті. Фильмнің ең алғашқы көрермендері кинотеатр өкілдері және кино сыншылар болды. Әсел Сәдуақасованың айтуынша, қонақтардың кейбіреуі көрсетілім кезінде көздеріне жас алған.

«91» жобасы – өмірбаяндық драма, басты кейіпкерлер «Ninety One» бойз-бендінің солистерінен құралған. Таспада жігіттердің еліміздің музыкалық өндірісінен ойып тұрып орын алу үшін атқарған еңбектері, бастарынан өткен қиындықтары, шынайы оқиғалары көрсетіледі.

Картина түсірілімі биылғы жылдың сәуірінен бастап мамыр айына дейін Алматыда өткен. Қазіргі таңда фильмнің дыбысы мен түстерді өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«91» кинотаспасы айналымға орыс тіліндегі субтитрларымен қазақ тілінде шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер