È

Дональд Трампқа мына фильмдер ұнай ма?

Мына фильмдер  Дональд Трампқа ұнай ма?

Кәсіпкер, саясаткер, жазушы Дональд Трамп бүгін АҚШ-тың президенті болып сайланды. Америкалықтармен осы бір тарихи оқиғаны тойлата отырып, АҚШ-тың жаңа президенті көруі тиіс қазақстандық фильмдердің шағын тізімін ұсынамыз.

Әрине, Трамп бірінші кезекте «Байқоңыр» кинофестивалінің жеңімпазы Шарипа Оразбаеваның «Едоки картофеля» қысқаметражды фильмін көруі керек.

Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмін көрмесе болмайды. Картина бір кездері Қазақстан атынан «Оскар» жүлдесіне ұсынылған, алайда жүлдені ала алмады.

Қазақстандық келіндердің өмірімен танысу үшін Нұртас Адамбайдың «Келинка Сабинка» және «Келинка Сабина 2» фильмдерін көруіне болады.

Қазақстанның жігіттерімен байланысудың артықтау болатынын Трамп «Рэкетир», «Тараз», «Рэкетир 2: Возмездие» фильмдерін көрген соң түсінеді.

Егер АҚШ президенті төртінші рет үйленуді ұйғарса, онда президентке қалдыңдық табуға «16 қыз» фильмі көмектеседі. Қалыңдық табылған соң мүмкін «Super Той» және «Свадьба на троих» комедияларындағыдай дүркіретіп той да жасап қалар.

Ұйықтар алдында қазақстандық кинематографтың классикасы «Біздің сүйікті дәрігер» фильмін көруге кеңес береміз.

Біздің президентіміз Нұрсүлтан Назарбаев жайлы «Көшбасшы жолы» картинасын көруді ұмытпағаны жөн. Бұл байопикті міндетті түрде көруі тиіс. Егер жоғарыда аталған фильмдердің ешқайсысын ұнатпаса, мүмкін өзі туралы осындай фильм түсіргісі кеп қалар.

Трампқа басқа қандай картиналарды көруге кеңес берер едіңіз, пікірлеріңізді білдіре отырыңыздар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер