È

«Қазақша кәсіп Америкада» комедиясының постері

«Қазақша кәсіп Америкада» комедиясының постері

«Қазақша кәсіп Америкада» фильмінің ресми постері жарыққа шықты. Картинаның режиссері - Жеңісхан Момышев, бас продюсері - Нұрлан Қоянбаев. Комедия айналымға биылғы жылдың 28 желтоқсанында шығады.

«Қазақша кәсіп Америкада» фильмі – былтырғы эылы экранға шыққан «Қазақша кәсіп» картинасының жалғасы. Картинадағы оқиға кәсіпкер Жомарт аясында өрбиді, оған мұрагерлікке кішігірім қонақүй қалады. Егер кейіпкер бірінші бөлімде отбасылық кәсіпке инвестор іздеген болса, жаңа бөлімде Америкаға аттанады. Не үшін дейсіздер ғой? Жомарт қонақүйіне әлемдік жұлдыз беделін алғысы келеді. Ол дегеніне қол жеткізе ала ма? Жауабын Жаңа жыл қарсаңында білетін боламыз.

Басты рөлді қайтадан Нұрлан Қоянбаев, оның сенімді серігі әрі көмекшісін - Жан Байжанбаев, ал бейбақ туысын - Қажет Смағұлов сомдады. Комедиялық фильмнің негізгі түсірілімі шетелдік актерлардың қатысуымен Лос-Анджелесте өтті.

Картинаның қоюшы-операторы Азамат Дулатов болды. Сценарийін Сәбит Рахымбаев және Әуэз Әуэзов жазды.

«Қазақша кәсіп Америкада» фильмінің трейлерін мына жерден көре аласыздар.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

6 қараша 2017, 13:32

думаю будет сухой фильм

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса