È

«Америкадағы қазақша кәсіп» комедиясының түсірілімі аяқталды

«Америкадағы қазақша кәсіп» комедиясының түсірілімі аяқталды. Қазақстан киносы

Алматыда «Америкадағы қазақша кәсіп» фильмінің соңғы көріністері түсіріліп бітті. Комедия режиссер әрі клипмейкер Жеңісхан Момышевтың («Қазақша кәсіп») екінші толықметражды таспасы және Нұрлан Қоянбаевтың («Қазақша кәсіп», «Таиландтағы демалыс») үшінші продюсерлік жобасы атанды.

«Америкадағы қазақша кәсіп» фильміндегі негізгі оқиға әлемдік киноөндіріс орталығы - Лос-Анджелесте өрбиді. Қазақстан азаматы Жомарт достарымен бірге штаттарға аттанады. Отандасымыздың басты мақсаты – халықаралық сарапшының қолдауына ие болып, өз қонақүйіне бес жұлдыз алу. Алайда, кәсіпкердің бұл ойы оңайлықпен іске аса қоймайды. Өйткені, өмірде барлығы біз ойлағандай бола бермейді ғой.

Гүлназ Жоланова. «Америкадағы қазақша кәсіп» фильмінің түсірілімінен сурет

Картинаның Лос-Анджелестегі түсірілімі 4 тамызда басталып, 21 тамызға дейін жалғасқан. Басты кейіпкерлерді сомдаған Нұрлан Қоянбаев, Жан Байжанбаев пен Қажет Смағұловтан бөлек, комедияға американдық актерлар Сим Александр Джеймс және Ашли Огиллард түсті. АҚШ-та барлығы 30 адамнан құралған топ жұмыс істеді, олардың ішінде қоюшы-оператор Азамат Дулатов, атқарушы продюсер Рүстем Юсупов және сценарийдің қосалқы авторы Сәбит Рахымбаев бар.

Топ Америкадағы түсірілімді аяқтаған соң Алматыға оралып, Гүлназ Жоланованың қатысуымен бірнеше көріністерді түсірді.

Авторлардың айтуынша, «Америкадағы қазақша кәсіп» фильмі айналымға алдағы қыста шығады.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Аблайский

4 қыркүйек 2017, 12:25

Обычно вторая часть всегда хуже первой! Надеюсь с этим фильмом так же не будет.

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер