È

Аптадағы тұсаукесерлер: Табысқа бастар жолды тап

1 қарашадан басталған апта тұсаукесерлері

Қазақстандық көрермендер осы демалыста «Кәсіпкерлер» және «Богемдік рапсодия» фильмдерін тамашалап, үлкен мотивация ала алады. Ал экшн мен комедия жақсы көретіндерді «Саташ», «Хантер киллер» және «Фагот» сынды картиналар күтеді.

 

«Кәсіпкерлер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.11.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Ақан Сатаев

Рөлдерде: Асқар Ілиясов, Расым Жұбаев, Шәріп Серік

Жанры: драма, қылмыстық

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Сюжет Кеңес одағы ыдыраған уақытта саудамен айналысып, кәсіпкер болғысы келген үш дос туралы баяндайды. Бірақ, барлығы біз ойлағандай оңай емес. Тағдыр олардың достықтарын беріктікке сынайды.

 

«Саташ»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.11.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Төлеген Байтөкенов

Рөлдерде: Ақылхан Алмасов, Дина Тасболатова, Шыңғыс Қапин, Ержан Нүсіпақынов

Жанры: вестерн, драма, атыс-шабыс

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Фильмдегі оқиға өркениеттен тыс ауылда өрбиді. Бір күні бейбіт тұрғындарға бір топ қылмыскерлер төне бастайды. Саташ есімді учаскелік азамат олармен күресіп, ауылдастарын құтқаруды ұйғарады.

 

«Qarakóz»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.11.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссерлары: Максим Якобчук, Роман Сидоренко

Рөлдерде: Әли Оқапов, Бибігүл Ақтан, Дарья Александрова, Владислав Букаткин, Алдияр Байрақымов

Жанры: қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Жастар тобы серуенге шығады, түнде дамылдап отырған кезде олар бір-біріне жезтырнақ, жалмауыз кемпір және Қапшағай трассасындағы елес сынды жергілікті құбыжықтар туралы қорқынышты әңгімелер айта бастайды. Бірақ, оларға Қаракөз есімді кек алушы періштеден қорқуы тиіс екен. Себебі, ол бұрынғы қателіктер үшін жастардан кек алуға келген еді.

 

«Богемдік рапсодия»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.11.2018

Мемлекеті: Ұлыбритания, АҚШ, 2018

Режиссерлары: Декстер Флетчер, Брайан Сингер

Рөлдерде: Майк Майерс, Рами Малек, Джозеф Маццелло, Эйдан Гиллен, Бен Харди, Люси Бойнтон, Том Холландер, Аллен Лич, Гвилим Ли, Аарон МакКаскер

Жанры: өмірбаян, драма, музыка

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Картина шынайы оқиғаларға негізделген және Queen тобының табысы жайлы баяндайды. Олардың көшбасшылары Фредди Меркьюри қоғамға қарсы шығып, қағидаларды бұза алды және музыка әлемінде өшпейтін із қалдырды.

 

 

«Қорқыныштар 2: Мазасыз Хэллоуин»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.11.2018

Мемлекеті: Аустралия, АҚШ, 2018

Режиссері: Эри Сандел

Рөлдерде: Мэдисон Айсмен, Венди МакЛендон-Кови, Кен Жонг, Крис Парнелл, Джереми Рэй Тейлор, Шэри Хидли, Калил Харрис

Жанры: комедия, шытырман, фэнтези

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Үш бала тастанды үйден қорқыныш туралы ескі кітапты тауып алады. Балалар кітапты ашып, өздері білмей, Хэллоуин мерекесінің кейіпкерін тірілтіп жібереді, сол кезде әлемде аласапыран басталады. Енді достар құбыжықтармен күресіп, адамзатты құтқарулары тиіс.

 

 

«Қаңғыбас иттер прозасы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.11.2018

Мемлекеті: Жапония, 2018

Режиссері: Такуя Игараси

Рөлдерде: Мамору Мияно, Кэнсё Оно, Кисё Танияма

Жанры: аниме, детектив, комедия

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Ерекше қабілеттері бар адамдар жаппай өз-өздерін өлтіре бастады. Олардың құпиясын экстрасенсорлы қабілеттері бар «Жауынгерлік Детективті Агенттігі» шешуге кіріседі.

 

«Фагот»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.11.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Борис Гуц

Рөлдерде: Анастасия Пронина, Юлия Ауг, Ольга Кавалай-Аксенова, Александр Дривень, Анна Даукаева

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Сүйіктіңмен айырылысу оңай емес. Егер ол көкбет болса, тіпті қиын. Фильм кейіпкері ғашығымен арадағы қарым-қатынасты тоқтатуды шешеді, сол үшін мағынасыз себеп ойлап табады, бірақ ол нәтижесінде сұмдық жағдайға әкеп соғады.

 

 

«Жеңілген жер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.11.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Надежда Михалкова

Рөлдерде: Анна Михалкова, Алексей Дякин, Ирина Мартыненко, Алексей Мартынов, Никита Еленев, Сергей Городничий, Валентина Ляпина, Анастасия Акатова, Арам Вардеванян, Ольга Озоллапиня

Жанры: қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Кинотеатрдағы «жеңілген жерге» билет сатып алған адамдар өз өлімімен өлмейді. Бұл жағдай кезінше тыныш болған қаланы дүр сілкіндіреді, жоғары сынып оқушылары тергеуге кіріседі, олар кейін бір-бірінен күдіктене бастайды.

 

«Хантер киллер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.11.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Данован Марш

Рөлдерде: Гари Олдман, Линда Карделлини, Джерард Батлер, Тоби Стивенс, Тейлор Джон Смит, Микаэл Нюквист, Кэролайн Гудолл, Коммон

Жанры: атыс-шабыс, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Адмирал Сергей Андропов Ресей президентіне тап беріп, оны ұрлап әкетеді. Оның келесі қадамы – АҚШ пен Ресей арасында соғыс ашу. Американдық билік сатқынның қатерлі жоспарын болдырмау үшін «Хантер киллер» субмаринасын АҚШ-тың Әскери-Теңіз күштері бөлімшесімен біріктіреді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер