È

Аптадағы тұсаукесерлер: Тұңғиыққа бату

18 қаңтардан басталған апта тұсаукесерлері

Осы аптада қазақстандықтар Гильермо дель Тороның көптен күткен «Су қалыбын», «Зұлмат кезеңдер» фильміндегі жаңа оқиғаларды көре алады және «Жоғалған бақыт» отандық драмасынан өмірлік құндылықтарды сараптай алады.


«Жоғалған бақыт»

Қазақстандағы тұсаукесер: 18.01.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2017

Режиссері: Феруза Эгамбердиева

Рөлдерде: Сұлу Серік, Махамбет Балтабаев, Индира Садықова, Төребек Урин

Жанры: драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Ер азаматтың өмірінде барлығы жақсы: әдемі жары, балалары, үлкен үйі мен табысты кәсібі бар. Бірақ, кейіпкердің екінші жанұясы болатын. Ерте ме, кеш пе, тағдыр азаматты сынға алады.

«Су қалыбы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 18.01.2018

Мемлекеті: Канада, АҚШ, 2018

Режиссері: Гильермо дель Торо

Рөлдерде: Салли Хокинс, Майкл Шеннон, Ричард Дженкинс, Октавия Спенсер

Жанры: драма, фэнтези

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Фильм кейіпкерлері – құпия зертханада жұмыс істейтін мылқау тазалаушы. Бір күні әйел су астындағы мақұлыққа тәжірибе жүргізіліп жатқанын біледі. Кейіпкер, бар құпияны білген соң, құбыжыққа ғашық болтынын сезбеген еді.

 

«Зұлмат кезеңдер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 18.01.2018

Мемлекеті: Ұлыбритания, 2017

Режиссері: Джо Райт

Рөлдерде: Лили Джеймс, Гари Олдман, Бен Мендельсон, Пип Торренс

Жанры: драма, әскери

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

1940 жылы 10 мамырда Ұлыбритания премьер-министрі қызметіне Уинстон Черчилль келеді. Оның ең алғашқы саяси шешімі – гитлер әскерімен соғысты жалғастырып, жеңіске жету.

 

«Шерлок Гномс»

Қазақстандағы тұсаукесер: 18.01.2018

Мемлекеті: АҚШ, Ұлыбритания, 2018

Режиссері: Джон Стивенсон

Рөлдерде: Джонни Депп, Джеймс МакЭвой, Эмили Блант, Мэгги Смит

Жанры: мультфильм, фэнтези, детектив

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Лондонның барлық жерінен ергежейлілер жоғала бастайды. Гномео мен Джультетта үйге келген соң, жанұясының із-түссіз жоғалып кеткенін біледі. Олар қалада не болып жатқанын білу үшін тыңшы Шерлоку Гномсқа барады.

 

«Астрал 4: Соңғы кілт»

Қазақстандағы тұсаукесер: 18.01.2018

Мемлекеті: Канада, АҚШ, 2018

Режиссері: Адам Робител

Рөлдерде: Кирк Асеведо, Спенсер Лок, Джош Стюарт, Лин Шэй

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Элис Рейнер бір отбасыға көмектесу үшін ана әлемге қайтадан аттанады. Көріпкел мен қара күштердің кездесуі бұл жолы Нью-Мексико штатында өтеді. Элис қайтып келген соң, кезінде өзі тұрған үйде зұлымдықтың жасырынғанын біліп қояды.

 

«Паддингтон хикаялары 2»

Қазақстандағы тұсаукесер: 18.01.2018

Мемлекеті: Ұлыбритания, Франция, АҚШ, 2017

Режиссері: Пол Кинг

Рөлдерде: Майкл Гэмбон, Имелда Стонтон, Бен Уишоу, Мадлен Харрис

Жанры: фэнтези, комедия

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Паддингтон көне бір кітапты сатып алу үшін ақша жинап жүреді. Бірақ, аю үлгермеді: қолжазбаны басқа біреулер алып кетіпті. Содан кейін, Лондонда антиквар дүниелер жоғала бастайды. Паддингтон өзі сезбестен, үлкен алаяқтыққа тап болады.

 

«Скиф»

Қазақстандағы тұсаукесер: 18.01.2018

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Рустам Мосафир

Рөлдерде: Алексей Фадеев, Виталий Кравченко, Александр Кузнецов, Юрий Цурило

Жанры: тарих, атыс-шабыс, драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Көне Русьқа скифтер бірнеше мәрте шабуыл жасайды. Кезекті бір қақтығыс кезінде жауынгер Лютобордың отбасын ұрлап әкетеді. Ол әйелі мен балаларын құтқару үшін қауіпке толы шексіз далаға аттанады. Жанына тұтқын скиф Куницаны жолсерік ретінде ертіп алады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса