È

Аптадағы тұсаукесерлер: Махаббат туралы және тағы да басқа тақырыптар

28 қыркүйектен басталған апта тұсаукесерлері

Осы аптада режиссер Нияз Әбдіғапардың «Мұрагерлікке қалған махаббат» отандық комедиясы айналымға шығады. Көрермендер «Уотергейт. Ақ үйдің күйреуі» фильмінің кейіпкерлерімен бірге саяси шиеленістерге араласып, «Коматозниктер» триллерінің сұмдық жағдайына куә болады.

«Мұрагерлікке қалған махаббат»

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.09.2017

Мемлекеті: Қазақстан, 2017

Режиссері: Нияз Әбдіғапар

Рөлдерде: Мұрат Бисенбин, Нұрлан Батыров, Альбина Оганесян, Мөлдір Мекенбаева, Эдуард Табишев, Әзиза Рыскелдиева

Жанры: мелодрама, комедия

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Фильм 30 жастан асқан Арсен мен Арманның хикаясын баяндайды. Еркектердің әйелдері де, балалары да жоқ. Ата-аналары бір шарт қояды: балалары үйленеді немесе мұрасыз қалады. Кейіпкерлер аз ғана уақыттың ішінде болашақ жарларын табуы тиіс.

 

«Екінші мүмкіндік»

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.09.2017

Мемлекеті: Турция, 2017

Режиссері: Озджан Дениз

Рөлдерде: Озджан Дениз, Нургюль Ешильчай

Жанры: мелодрама

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Ұстаз Ясмин мен кәсіпкер Джемаль арасындағы тамаша махаббат хикаясы. Қос кейіпкердің де махаббаттан көңілдері қалған, сондықтан жаңа өмір бастағылары келеді. Екеуі бірге болу үшін қандай сынақтарды бастан өткереді екен?

 

«Уотергейт. Ақ үйдің күйреуі»

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.09.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Питер Ландесман

Рөлдерде: Майка Монро, Лиам Нисон, Мартон Чокаш, Дайан Лэйн, Кейт Уолш

Жанры: триллер, драма, өмірбаян, тарих

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Фильм Америка президенті Ричард Никсонның демалысқа кеткен кезін, ХХ ғасырдың шиеленісін бейнелейді. Кейіннен мұның артында «Терең алқым» атанып кеткен ФТБ (ФБР) агенті Марк Фелттің тұрғандығын білінеді. Ер азамат АҚШ көшбасшысын қандай әдіспен демалысқа кетірді?

«Коматозниктер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.09.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Нильс Арден Оплев

Рөлдерде: Нина Добрев, Эллен Пейдж, Диего Луна, Кирси Клемонс, Джеймс Нортон, Кифер Сазерленд, Бо Мирчофф, Стив Байерс, Тайлер Хайнс, Даниэла Барбоза

Жанры: қорқынышты фильм, фантастика, триллер, драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Болашақ медицина қызметкерлері, студенттер тәжірибе жасап көрмекші болады. Жігіттер бір-бірін кезекпе-кезек арнайы құрылғы арқылы клиникалық өлімге ендіреді. Кенеттен қарсы көрсетілімдері біліне бастайды.

 

«Тамаша уақыт»

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.09.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссерлері: Бен Сэфди, Джошуа Сэфди

Рөлдерде: Роберт Паттинсон, Бен Сэфди, Талия Вебстер, Дженнифер Джейсон Ли, Баркхад Абди, Рон Браунштейн, Питер Верби, Саида Мансур, Глэдис Мэтон, Роуз Грегорио

Жанры: драма, қылмыстық фильм

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Картинаның басты кейіпкері Конни – жолы болмайтын жігіт, банк тонауды ұйғарады, серіктесі болмаған соң, ақыл-ойы толық жетілмеген інісі Никті ертіп алады. Тонау жүзеге аспайды, ал Коннидің інісі полицейлер қолына түсіп қалады. Кейіпкер Никті кез-келген жолмен құқық қорғаушылардың уысынан шығарып алуға тырысады.

 

«Бобби кірпі: Тікенекті хикаялар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.09.2017

Мемлекеттері: Қытай, АҚШ, 2016

Режиссері: Хуан Цзяньмин

Рөлдерде: Да Вэй, Сяо Мин

Жанры: мультфильм

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Бобби есімді кірпі кенеттен ұмытшақтық ауруы кезінде өзінің орманның қақ ортасында тұрғанын байқайды. Айналасындағы аңдардың ешқайсысы оның қашан келгенін, кім екенін білмейді. Бірақ ержүрек кірпінің көңілі түспейді, ол өзінің кім екенін есіне түсіру үшін орманға қарай саяхат жасауға шығады.

 

«Періштелер қаласындағы махаббат»

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.09.2017

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Евгений Вихарев

Рөлдерде: Наталья Рудова, Микаэл Арамян, Андрей Свиридов, Константин Лавиш

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Әлемдегі ең романтикалық қалалардың бірі Лос-Анджелесте жас жұптар кездеседі. Бірнеше күн бірге болған олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайтынын түсінеді. Теңіздің жеңіл толқыны оларға «періштелер қаласында бәрі де мүмкін» деп сыбырлап тұрғандай...

 

«Сенің денең емес»

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.09.2017

Мемлекеті: Италия, 2017

Режиссері: Симоне Годано

Рөлдерде: Касия Смутняк, Пьерфранческо Фавино, Марта Гастини, Андреа Бруски, Франческа Агостини, Валерио Эпри, Гаэтано Бруно, Паола Каллиари, Флавио Фурно, Себастьян Димулеску

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Андрея мен София – қарапайым қос ғашықтар, екеуі мүлдем денелерімен ауысып кететінін ойламаған еді, бірақ өздерін біртүрлі сезінгенде ғана бұл олқылықты байқай бастайды. Ендігі кезекте жастар жаңа денелеріне үйреніп, бір-бірінің әдеттерін зерттеуге кіріседі.

 

«Жалданушы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 28.09.2017

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Майкл Куэста

Рөлдерде: Дилан О’Брайен, Шарлотта Вега, Кристофер Бомфорд, Кристофер Уэбстер, Шахид Ахмед, Бастер Ривз, Ник Кавальере, Саймон Коннолли, Юсеф «Джо» Свейд, Джуст Янссен

Жанр: атыс-шабыс фильмі, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

ОТБ (ЦРУ) агенті Митч Рэпп теракт кезінде қалыңдығынан айырылады. Қайғырып жүрген кейіпкерді терроризммен күрес бөліміне ауыстырады. Енді Рэпп Түркиядан келген серіктесі, құпия агентпен бірігіп үшінші дүниежүзілік соғыстың алдын алуға тырысады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Талас Бойченко

Актер

Сәбит Мұстафа

Актер

Ғабит Мұстафа

Актер