È

Аптадағы тұсаукесерлер: Ескі жара

22 ақпаннан басталған апта тұсаукесерлері

Осы аптада отандық көрермен өткенге саяхат жасайтын болады. Экранға «Алаш» партиясы қызметіне арналған «Тар Заман» тарихи драмасы, Стивен Спилбергтің 1971 жылғы оқиғаға арнаған «Құпия құжаттамасы» және Ридли Скоттың «Әлемнің бар қаржысы» фильмі шығады, Ридли Кевин Спейси айналасында болған кикілжіңнің салдарынан фильмді қайта түсіруге мәжбүр болған.

«Тар Заман»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.02.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2017

Режиссері: Мұрат Бидосов

Рөлдерде: Балтабай Сейітмамыт, Дулыға Ақмолда, Жалғас Толғанбай, Олжас Абай

Жанры: драма, тарих, өмірбаян

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Кинотаспа «Алаш» партиясы туралы баяндайды. Сюжетте қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханов және үзеңгілестері: Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай және Міржақып Дулатов. Барлығы азаттық пен қазақ елінің саяси дербестігі үшін күрескен.

«Түнгі ойындар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.02.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссерлері: Джон Фрэнсис Дейли, Джонатан Майкл Голдштейн

Рөлдерде: Джейсон Бейтман, Рэйчел МакАдамс, Шэрон Хорган, Ламорн Моррис

Жанры: атыс-шабыс, комедия, қылмыстық

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Макс пен Энни басқа жұптармен бірге «түнгі ойындарды» ұйымдастырады. Қатысушылар қиын тапсырманы шешуі тиіс: олардың достары Бруксты біреулер ұрлап кетеді. Кейіпкерлер достарын ғана тауып қоймай, қаскүнемді қолға түсірулері керек.

«Жабайы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.02.2018

Мемлекеті: Канада, 2018

Режиссері: Лин Одинг

Рөлдерде: Джейсон Момоа, Джилл Вагнер, Стивен Лэнг, Сала Бэйкер, Тич Грант

Жанры: атыс-шабыс, драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Джо отбасымен бірге АҚШ пен Канаданың шекарасында тұрады. Орманшының жайлы өмірін есірткі саудасымен айналысатындар құртады, олар тауарды орманшының тастанды лашығына жасырып қояды. Джо байқамай, қауіпті қылмыскерлермен байланысады.

«Құпия құжаттама»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.02.2018

Мемлекеті: Ұлыбритания, АҚШ, 2017

Режиссері: Стивен Спилберг

Рөлдерде: Мэрил Стрип, Том Хэнкс, Сара Полсон, Мэттью Риз, Боб Оденкёрк

Жанры: триллер, драма, өмірбаян

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

«Вашингтон пост» газетінің баспагері «Нью-Йорк таймстағы» әріптестерімен бірге құпия құжаттаманы қолға түсіреді. Екі баспа вьетнам соғысының құпиясын толығырақ ашу үшін соңына дейін баруға дайын.

 

«Еркектер не дейді екен. Жалғасы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.02.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Флюза Фархшатова

Рөлдерде: Леонид Барац, Александр Демидов, Камиль Ларин, Алексей Барабаш

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Саша, Леша, Слава және Камиль күнделікті өмірлеріне өзгеріс енгізіп, Питерге баруды ұйғарады. Достар алдарында не күтіп тұрғанына бас ауыртпайды, бастысы саяхаттан ләззат алуға тырысады. Кейіпкерлер өзара еркектер әңгімесін айтады.

«Шекара»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.02.2018

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Дмитрий Тюрин

Рөлдерде: Павел Прилучный, Станислав Дужников, Кристина Бродская, Игорь Скляр

Жанры: фантастика, шытырман

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Михаил кез-келген уақытқа тап бола алатын мүмкіндікке ие болады. Бұл қабілет еркекке жәйдан-жәй берілген жоқ: ол ата-бабасы туралы шындықты білуі тиіс. Алайда, қазіргі өмірден өткенге саяхат жасау орны толмас өкінішке ұрындыруы мүмкін.

 

«Әлемнің бар қаржысы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.02.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Ридли Скотт

Рөлдерде: Мишель Уильямс, Кристофер Пламмер, Марк Уолберг, Ромен Дюрис

Жанры: триллер, драма, қылмыстық

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Пол Гетти әлемнің ең бай адамдарының бірі. Бірақ, бір қызығы, немересін ұрлап кеткенде, қаржы магнаты ақша төлеуден бас тартады. Баланың анасының жалғыз үміті отбасы күзетшісі Геттиде еді.

«Үйдегі ергежейлілер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.02.2018

Мемлекеттері: Канада, АҚШ, Ұлыбритания, 2017

Режиссерлері: Питер Лепениотис, Шелли Шеной

Рөлдерде: Бекки Джи, Джош Пек, Тара Стронг, Оливия Холт

Жанры: мультфильм

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Хлоя анасымен бірге жаңа үйге көшіп келеді. Ескі үйдің бейнесі қорқынышты әрі ол жақта бірнеше құпия жасырынған. Белгілі болғандай, үйде әлемді зұлымдықтан құтқаратын ергежейлілер тұрады екен.

«Біздің бар үмітіміз»

Қазақстандағы тұсаукесер: 22.02.2018

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Карен Геворкян

Рөлдерде: Ульяна Жмурко, Анатолий Бойко, Владимир Устюгов

Жанры: драма

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Егор Иванович өмір бойы шахтада жұмыс істеді. Жақында шахтаның жабылатынын естіген соң, ол отбасының болашағы туралы ойлауы керектігін түсінеді. Егор өзі дүниеге келген Алтайға оралуды жөн санайды.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

5 наурыз 2018, 01:53

Тар заман. Я с уважением посмотрю и подержу любую критику.

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер