È

Аптадағы тұсаукесерлер: Құтқару мен сақтау

26 сәуірден басталатын аптадағы тұсаукесерлер

Осы аптада айналымға екі отандық картина - «Миымды ашытпаңыздаршы!» комедиясы және «Шатырдағы бұлт» фильмі шығады. Алдағы демалысты ресейлік «Танктер» драмасы мен «Смешарики. Дежавю» мультфильмдері әрлей түспек.

 

«Миымды ашытпаңыздаршы!»

Қазақстандағы тұсаукесер: 26.04.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Джами Бейсенов

Рөлдерде: Жібек Жаппасбаева, Фархат Құлбаев, Төлепберген Байсақалов, Ерден Телемісов

Жанры: комедия, шытырман

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Каскадер қыз Жанел Шри-Ланкаға аттанады. Бірақ, бойжеткен ол жаққа демалуға емес, әкесін түрмеден шығарып алуға барады. Жанелге бір аптада жеті жұмасы бар Мақсат көмекке келеді.

 

«Шатырдағы бұлт»

Қазақстандағы тұсаукесер: 26.04.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Әли Шер Сүлеймен

Рөлдерде: Диас Әзімжан, Вахид Изимов, Камила Нұғыманова, Қазына Әбдірахман

Жанры: фэнтези

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Фильмнің басты кейіпкері - Тимур, оның өмірінде қиын кезеңдер басталады. Ер азаматтың әйелімен қарым-қатынасы бұзыла бастайды, жұмыста қиын мәселелер орын алады. Алайда, күтпеген кездесу айналаға көзқарасын бір сәтте өзгертеді.

 

«Түнекте тыныс алу»

Қазақстандағы тұсаукесер: 26.04.2018

Мемлекеттері: Франция, Канада, 2018

Режиссері: Дэниэл Роби

Рөлдерде: Ромен Дюрис, Ольга Куриленко, Фантина Ардуин

Жанры: фантастика, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Париждегі аяқ астынан болған жер сілкінісі салдарынан улы туман пайда болады. Бүкіл қала түнекке оранады, тек санаулы адамдар ғана биік ғимаратқа шығып, аман қалады. Анне мен Мэттью де үйдің шатырына шығып, туманнан сақтанады. Алайда, қыздары әлі пәтердің ішінде отыр.

 

«Шындық немесе әрекет»

Қазақстандағы тұсаукесер: 26.04.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Джефф Уодлоу

Рөлдерде: Люси Хейл, Тайлер Пози, Вайолетт Бин

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Достар тобы «Шындық немесе әрекет» ойынын ойнауды ұйғарады. Бірақ, қарапайым ғана ойын аман қалу жарысына айналады. Себебі, алдаған немесе әрекетті орындамаған адамды қатал жаза күтіп тұр. Ойын соңына дейін біреу жете алар ма екен?

 

«Танктер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 26.04.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Ким Дружинин

Рөлдерде: Аглая Тарасова, Андрей Мерзликин, Александр Тютин

Жанры: тарихи, әскери

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Екінші дүниежүзілік соғыс. Михаил Кошкин Т-34 танкінің прототипін ойлап тапты. Көліктің техникалық мүмкіндігін дәлелдеу мақсатында ол қатарластарымен бірге Мәскеуге аттанады. Кейіпкерлерді қауіпті саяхат күтуде.

 

«Смешарики. Дежавю»

Қазақстандағы тұсаукесер: 26.04.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Денис Чернов

Рөлдерде: Антон Виноградов, Сергей Мардарь, Михаил Черняк

Жанры: мультфильм, комедия

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Копатычтың туған күніне аз қалды. Крош мерекені ұйымдастыру үшін «Дежавю» агенттігіне жүгінеді, ол оған уақыт бойымен ұмытылмас оқиғаны жасап беруге уәде береді. Бірақ, бір нәрсе дұрыс болмай, смешариктер түрлі кезеңге тап болады.

 

«Елес»

Қазақстандағы тұсаукесер: 26.04.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Майкл Сакси

Рөлдерде: Энгаури Райс, Джастис Смит, Дженни Росс

Жанры: фэнтези, драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Ол – денесіз рух, бір күнін түрлі адамдардың денесінде өткізеді. Ол бір күні бозбаланың денесінде оянады да, қызбен танысады. Ендігі кезекте оның әрбір жаңа күні – қызбен мәңгіге қалуға мүмкіндік.

 

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Асема

28 апреля 2018, 17:12

Пока смотрели только Облако на крыше. Не плохой фильм. Мне понравился.

MilanaTu

4 мамыр 2018, 15:28

Ходили на облако. Не пожалели

Таныс бейне

Ахат Ибраев

Режиссер

Әлішер Хайыров

Актер

Қуан Ликеров

Актер

Айнұр Ниязова

Актриса