È

Апта тұсаукесері: Металл үшін қаза табу

 12 сәуірден басталатын апта тұсаукесері

Отандық айналымға «Қараман» тылсым триллері, Дуэйн Джонсонмен фантастикалық «Рэмпейдж» атыс-шабыс фильмі және сабақ күндері жайлы комедияның жалғасы «Үздік ұстаз 3» фильмі шығады. Ал кішкентай көрермендерді қызғылт сары құстың шытырмандары қызықтыратын «Ғажайып құстар» мультфильмі күтіп тұр.

 

«Қараман»

Қазақстандағы көрсетілім: 12.04.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Дәстен Шәкіров

Рөлдерде: Марат Абай-Ділдә, Дәстен Шәкіров, Филип Волошин, Мұрат Бекмұратов

Жанры: триллер, тылсым

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Қазушылар тобы алыс тауда жасырынған алтынды іздеуге аттанады. Олардың қатарына қазынаны табуға көмектесетін айтып, жергілікті қорықшы да қосылады. Дегенмен, олар алыстаған сайын, небір қорқынышты жайларды бастан кеше түседі.

 

«Ғажайып құстар»

Қазақстандағы көрсетілім: 12.04.2018

Мемлекеттері: Исландия, Бельгия, 2017

Режиссері: Аудни Аусгейрсон

Рөлдерде: Джэми Орам, Харриет Перринг, Иэн Стюарт Робертсон

Жанры: мультфильм, шытырман

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Қызғылт сары құс өзінің тобынан қалып қойып, адасып қалады. Кішкентай құс тақуа Гайронға жолығады. Екеуі бірге қысқа дейін тұра тұруға болатын жұмақ мекенге жетіп алуға тырысады. Кейіпкерлерді таңқаларлық әрі қауіпті саяхат күтіп тұр.

 

«Үздік ұстаз 3»

Қазақстандағы көрсетілім: 12.04.2018

Мемлекеті: Германия, 2017

Режиссері: Бора Дагтекин

Рөлдерде: Элиас Эм Барек, Катя Риман, Йелла Хаазе, Сандра Хюллер

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Зэк Мюллер – бітіруші сыныптың сынып жетекшісі. Оның оқушылары қорытынды емтихан қарсаңында кәсіптік бағдар беру курсынан өтеді. Дегенмен, семинардан кейін балалардың еш нәрсеге құлқы болмайды. Нағыз ұстаз ретінде Зэк оқушылардың өзіне деген сенімін қайтаруы тиіс.

 

«Рэмпейдж»

Қазақстандағы көрсетілім: 12.04.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Брэд Пейтон

Рөлдерде: Дуэйн Джонсон, Джеффри Дин Морган, Малин Акерман

Жанры: атыс-шабыс, фантастика

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Сәтсіз генетикалық тәжірибенің нәтижесінде сүтқоректілер және бауырмен жорғалаушылар алып құбыжыққа айналады. Жыртқыштар жолындағының бәрін жойып жібермей тұрғанда, оларды генетикалық инженер мен приматолог тоқтатуы керек. Екеуі де антидот қолдануды ұйғарады.

 

«Құбыжықтар апаны»

Қазақстандағы көрсетілім: 12.04.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Дин Девлин

Рөлдерде: Дэвид Теннант, Керри Кондон, Роберт Шиэн

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Екі дос мейрамханадағы тұрақта жұмыс істейді және келушілердің үйлеріне жиі ұрлыққа түседі. Осындай сәттердің бірінде олар тұтқында отырған қызды байқап қалады. Жігіттер кісі өлтірушілердің келесі құрбаны өздері болатынын еш сезбестен, полицияға хабарлайды.

 

«Титан»

Қазақстандағы көрсетілім: 12.04.2018

Мемлекеттері: Ұлыбритания, Испания, АҚШ, 2018

Режиссері: Леннарт Рафф

Рөлдерде: Сэм Уортингтон, Тейлор Шиллинг, Том Уилкинсон

Жанры: фантастика

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Әлем ғалымдары жер беті күйрегеннен кейін басқа ғаламшарда адамзаттың өмірін қайта қалпына келтіретін ерекше күшті ойлап табуға тырысуда. Бір кездері адамның ғарышпен байланысу бағдарламасы бақылаудан шығады. Салдары адам сенгісіз болады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер