È

Апта тұсаукесерлері: Көктем мерекелері қызу тойланатын уақыт

Апта тұсаукесерлері  16 наурыздан бастап

Келер аптада көрермендерге «Наурыз.kz» комедиясы тамаша көңіл-күй сыйлайды. «Красавица и чудовище» картинасы сиқыр мен махаббат әлеміне жетелейді, «Сплит» триллерінің кейіпкерлері біраз қобалжытары анық.

 

«Наурыз.kz»

Қазақстандық тұсаукесер: 16.03.2017

Елі: Қазақстан, 2017

Режиссер: Асқар Бисембин

Рөлдерде: Берік Айтжанов, Жанар Дұғалова, Саят Мерекенов, Шәріп Серік, Жеңіс Омаров

Жанр: комедия

Жасына қарай шекету: 12 жасқа дейін

Фильмнің кейіпкерлері - еліміздің қарапайым тұрғындары. Сессияны ойдағыдай тапсырғысы келетін студент, өзінің ғашығын кезіктірген таксист, бір-бірімен бәсекелес зейнеткерлер, атасына жаққысы келетін жас әкім, Шымкентке қалыңдығына келген шетелдік – олардың барлығы бір ғажайыпты күтеді. Оларда бір мүмкіндік бар, өйткені Наурыз мерекесінде Наурыз армандар орындалады.

«Скрытые фигуры»

Қазақстандық тұсаукесер: 16.03.2017

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Тед Мелфи

Рөлдерде: Октавия Спенсер, Кирстен Данст, Кевин Костнер, Жанель Моне

Жанр: драма, биография

Жасына қарай шектеу: 12 жасқа дейін

Оқиға XX ғасырдың ортасында АҚШ пен КСРО арасында технологиялық және ғылыми жарыс жүріп жатқан кезеңде болған. Үш математика әйел Америка тарихында маңызды операция жасайды.. Олар тек тарихта ғана із қалдырып қоймай, олар нәсілдік, гендерлік, кәсіби стереотиптерді өзгертеді. Картина осы аттас Марго Ли Шиттерлидің деректі кітабының желісі бойынша түсірілген.

«После тебя»

Қазақстандық тұсаукесер: 16.03.2017

Елі: Ресей, 2016

Режиссер: Анна Матисон

Рөлдерде: Сергей Безруков, Алёна Бабенко, Анастасия Безрукова, Владимир Меньшов

Жанр: драма

Жасына қарай шекету: 16 жасқа дейін

Алексей Темников - бұрынғы балет бишісі, атақ-даңқы асқақтай бастаған шақта ол жарақат алып, сахнадан кетуге мәжбүр болған. Араға жиырма жыл салып ескі жарақаты сыр береді: Алексей енді жүрудени қалады Сол кезде кейіпкер өзі бұрыннан армандап келе жатқан балетті қоюды ұйғарады. Темниковке театрға оралып, күдікпен және өз-өзімен күресуге тура келеді.

«Сплит»

Қазақстандық тұсаукесер: 16.03.2017

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Манодж Найт Шьямалан

Рөлдерде: Джеймс МакЭвой, Бетти Бакли, Аня Тейлор-Джой

Жанр: ужасы, триллер

Жасна қарай шекету: 12 жасқа дейін

Кевин - дәрігер Флетчердің ең күрделі науқасы. Ер адамның ішінде 23 адам өмір сүреді, олардың бірі ең қауіптісі. Бір күні Кевин Кейсиді және екі құрбысын ұрлап кетеді, жасырынған құбыжық сыртқа шыққысы келеді.

«Красавица и чудовище»

Қазақстандық тұсаукесер: 16.03.2017

Елі: АҚШ, 2016

Режиссер: Билл Кондон

Рөлдерде: Эмма Уотсон, Дэн Стивенс, Люк Эванс, Эмма Томпсон

Жанр: мюзикл, фэнтези, мелодрама

Жасына қарай шектеу: шектеусіз

Өзінің әкесін құпия дуадан құтқару үшін Белль жұмбақ қамалға аттанады. Оның келуімен үйдің іші нұрланып, үй иесінің жүрегінде үміт пайда болады. Белль құбыжыққа ғашық болып, оны дуадан жаза ала ма? Ертегінің көрермендерін әуезді музыка, ғажап декорация және әрине, сиқыр күтіп тұр.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Askhat

14 наурыз 2017, 21:49

на праздникии надо на "НаурызКЗ" сходить

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер