È

Аптадағы тұсаукесерлер: Құпияның барлығы ашылады

8 қарашадан басталған аптадағы тұсаукесерлер

Бұл апта жарқын болмақ. Детективтер мен фантастиканы ұнататындар «Сильвер-Лэйк түбінде», «Өрмекші торына шырмалған қыз», «Оверлорд», «Келімсек», «Уақытқа берілген» картиналарын тамашаласа болады. Комедия жанкүйерлері «Шыңғыс ханның қызы 21 ғасырда», «Оңтүстікке сапар» және «Суға батпайтындар» таспаларын көре алады.

 

«Шыңғыс ханның қызы 21 ғасырда»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.11.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Ильхам Джалилов

Рөлдерде: Ақниет Орынтай, Әлия Телебарисова, Яна Бобрыка, Ерден Телемісов, Вахид Изимов, Төлепберген Байсақалов

Жанры: шытырман, комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Диананың өмірі жолында Шыңғыс ханның қызы Жанна пайда болғанда күрт өзгереді, ол 21 ғасырға аяқ асты тап болады. Осы сәттен бастап басты кейіпкерлердің ұмытылмас шытырман оқиғалары басталады, себебі Жанна үйіне қайтуға асығады, ал Диана «Инстаграм аруы» тәжіне қол жеткізгісі келеді.

 

«Оңтүстікке сапар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.11.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссері: Ержан Қабдуллин

Рөлдерде: Дәулет Бейсембек, Нұрсұлтан Төребеков, Арман Райқұлов, Бекзат Дүйсенов, Аманғали Сыпабеков, Қайрат Оразбеков, Николай Ашуров, Бекназар Ізбасаров, Сәбина Абдумутталиева

Жанры: шытырман, комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Үш дос Шымкентке барады да, үлкен мәселелерге тап болады. Мафия басшысы олардан қомақты ақша талап етеді. Жол бойында басты кейіпкелер жергілікті адамдармен танысады, олар кейін жігіттерге қиындықтармен күресуге көмектеседі.

 

«Қуыршақшы»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.11.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Куинн Лэшер

Рөлдерде: Ивонн Страховски, Анна Пнёвски, Эбигейл Пнёвски, Райан МакДональд, Джастин Бруенинг, Джулиан Бэйли, Стефани Коста

Жанры: триллер, қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Сюжетте Лора есімді жас ана сипатталады, ол екі қызымен бірге көл жағасындағы үйге демалуға келеді. Кешке жақын кішкентай қыз өзін нашар сезінеді. Белгілі болғандай, қыздар орманда жайылып тұрған дастарханнан дәм татқан екен. Сол үшін оларды маньяк аңдып жүр, ол Лораға аман қалуына мүмкіндік бермейді. Кейіпкер қанішердің қолынан қашып құтыла ала ма?

 

«Сильвер-Лэйк түбінде»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.11.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Дэвид Роберт Митчелл

Рөлдерде: Джимми Симпсон, Эндрю Гарфилд, Райли Кио, Тофер Грейс, Калли Эрнандес

Жанры: триллер, қылмыстық

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Сэм – 32 жасар жалғызбасты ер азамат. Бір күні ол кейін із-түзсіз жоғалып кететін қызбен танысады. Оны табу үшін Сэм барлық кедергілерден өтіп, Лос-Анджелестегі құпия қастандықты ашуға тырысады.

 

«Дон Кихотты өлтірген адам»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.11.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Терри Гиллиам

Рөлдерде: Адам Драйвер, Ольга Куриленко, Стеллан Скарсгард, Майкл Пэйлин, Жуана Рибейру

Жанры: фэнтези, драма, комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Шығармашылық дағдарыс барлығында болады. Режиссер Тобиас Граммет шабыт іздеп, 10 жыл бұрын Дон Кихот жайлы дипломдық картинаны жазған жерге барады. Сол жақта өзін Дон Кихот санайтын қарт етікшіні жолықтырады, ол Тобиасты қауіпті саяхатқа жетелейді.

 

«Уақытқа берілген»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.11.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Эндрю Боулер

Рөлдерде: Софи Тернер, Эйса Баттерфилд, Скайлер Гизондо, Уилл Пельтц

Жанры: фантастика, драма, мелодрама, комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Өткен шаққа оралып, болашағыңызды өзгерткіңіз келе ме? Физико-технологиялық факультеттің студенті қателігін түзетіп, бұрынғы сүйіктісін қайта оралту үшін уақыт машинасын ойлап табады.

 

«Келімсек»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.11.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Александр Куликов

Рөлдерде: Андрей Смоляков, Анна Банщикова, Максим Виторган, Григорий Сиятвинда, Юрий Цурило

Жанры: фантастика, драма

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Ресейлік ғарышкер апаттан кейін белгісіз бір ғаламшарға тап болады, ол жақта өміріне қауіп төнеді. Алайда, кейіпкер оңайлықпен берілмей, аман қалу үшін қолынан келгеннің барлығын жасайды. Кейін ғарышкер өмірін түбегейлі өзгертетін түсініксіз бір жаратылысты жолықтырады.

 

«Оверлорд»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.11.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Джулиус Эйвери

Рөлдерде: Джейкоб Андерсон, Йован Адепо, Йохан Филип Асбек, Йен де Кестекер, Джон Магаро

Жанры: фантастика, қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Фильмдегі оқиға 1944 жылдың маусымында өрбиді. Десант әскерлерін түсіріп жатқан кезде, жас жігіт Бойс жасақпен бірге атысқа ұшырайды да, дұшпандардың тұтқынына айналады. Кейін Бойс тобымен бірге нацистердің ғаламат тәжірибесі өтіп жатқан құпиялы базасын тауып алады.

 

«Өрмекші торына шырмалған қыз»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.11.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Федерико Альварес

Рөлдерде: Сильвия Хукс, Клер Фой, Лейкит Стэнфилд, Стивен Мерчант, Вики Крипс

Жанры: триллер, драма, детектив

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Жасанды интеллектті өндірумен айналысатын ғалымды аутист ұлының көзінше өлтіреді. Журналист Микаэль Блумквист және хакер Лисбет Саландер өлімнің тергеу жұмыстарына кіріседі де, соңы қиын жағдайға ұласатын ілгектер табады.

 

«Суға батпайтындар»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.11.2018

Мемлекеті: Франция, 2018

Режиссері: Жиль Леллуш

Рөлдерде: Гийом Кане, Матьё Амальрик, Лейла Бехти, Бенуа Пульворд, Жан-Юг Англад

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Қырық жасар Бертран ұзаққа созылып кеткен күйзелістен шығуға тырысып, синхронды жүзу үйірмесіне жазылады. Сол жақта ол Маркусты, Симонды, Лоран мен Тьеррді жолықтырады, олармен қызығушылықтары ғана емес, сонымен қатар халықаралық чемпионатта жеңу мақсаты ортақ болып шығады.

 

«Жалмауыз кемпір. Бастама»

Қазақстандағы тұсаукесер: 08.11.2018

Мемлекеті: Ресей, 2018

Режиссері: Владимир Саков

Рөлдерде: Гийом Кане, Матьё Амальрик, Лейла Бехти, Бенуа Пульворд, Жан-Юг Англад

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Хикая Ядвига есімді кішкентай қыз жайлы баяндайды. Құрдастарының мазағы мен айналасындағылардың жақтырмауы салдарынан ол қатігез Жалмауыз кемпірге айналады да, саз батпақтың жанындағы үйшікке көшіп кетеді. Бір күні оған адасып кеткен Көк көз ханша тап болады, қызықтың барлығы осы кезде басталады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер