È

Аптадағы тұсаукесерлер: Әрқашан таңдау бар

26 шілдеден басталған апта тұсаукесерлері

Осы аптадағы басты тұсаукесер, сөзсіз – басты рөлді Том Круз сомдайтын «Орындалмайтын тапсырма: Салдары» атыс-шабыс фильмі. Қорқынышты фильм жанрының жанкүйерлерін де «Мекендеушілер» картинасы күтіп тұр. Ал киноға отбасымен бірге баруды жоспарлағандар «Жас алпауыттар, алға!» мультфильмі мен «Белль және Себастьян: Хикая жалғасады» шытырман оқиғалы таспасын тамашалай алады.

 

«Орындалмайтын тапсырма: Салдары»

Қазақстандағы тұсаукесер: 26.07.19

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Кристофер МакКуорри

Рөлдерде: Том Круз, Ребекка Фергюсон, Генри Кавилл, Ванесса Кирби

Жанры: атыс-шабыс фильмі, триллер

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Итан Хант тобымен бірге тапсырманы орындай алмай, салдарынан тұтқын Соломон Лейн қашып кетеді. Аса қауіпті қылмыскер көлемді бір дүние ойластырып жүр, сондықтан ОББ арнайы операцияға дайындалуда. Хант бар күшін салып, қайтадан әлемді құтқаруға кіріседі.

 

«Жас алпауыттар, алға!»

Қазақстандағы тұсаукесер: 26.07.19

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссерлері: Аарон Хорват, Питер Райда Михаил

Рөлдерде: Николас Кейдж, Кристен Белл, Уилл Арнетт, Тара Стронг

Жанры: мультфильм, шытырман оқиғалы фильм

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Жас алпауыттар тобы барлық суперқаһармандардың өздері жайлы кино түсіріп тастағанын байқайды. Трендтен қалмау үшін көшбасшы Робин Голливудке аттанады. Бірақ, керемет жоспардың күл-талқаны шығуы мүмкін, себебі қарсы алдынан алпауыттардың қас дұшпаны Слэйд шыға келеді.

 

«Мекендеушілер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 26.07.19

Мемлекеті: Ирландия, 2017

Режиссері: Брайан О`Мэлли

Рөлдерде: Дэвид Брэдли, Шарлотта Вега, Юджин Саймон, Мо Данфорд

Жанры: қорқынышты фильм, триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Рэйчел мен Эдвард – ескі шаруашылықта жалғыз өздері ғана тұратын егіздер. Түнекке толы үйді ағасы мен қарындасы тастап кете алмайды: тылсым бір күш үй мекендеушілерін қорқынышта ұстап тұр. Бірақ, жас Рэйчел офицерге ғашық болып қалады да, қашуға бекінеді.

 

«Бұл сорлы жүрек»

Қазақстандағы тұсаукесер: 26.07.19

Мемлекеті: Германия, 2017

Режиссері: Марк Ротемунд

Рөлдерде: Элиас ЭмБарек, Филип Шварц, Уве Пройсс, Лиза Биттер

Жанры: драма, комедия

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Ленни – әкесінің ақшасына үйренген арамтамақ. Бірақ, күндердің бір күнінде бозбала қаржылық қолдаудың орнына әкесінен өте маңызды тапсырма алады, ол - жүректе ақауы бар 15 жасар Дэвидтің күтушісі болу. Уақыт өте келе, Ленниуақытша болса да, Дэвидтің нағыз досына айналады.

 

«Белль және Себастьян: Хикая жалғасады»

Қазақстандағы тұсаукесер: 26.07.19

Мемлекеті: Франция, 2015

Режиссері: Кристиан Дюге

Рөлдерде: Феликс Боссюэ, Чеки Карио, Марго Шателье, Тилан Блондо

Жанры: шытырман оқиғалы фильм

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Сан-Мертан қалашығына нашар жаңалық келеді: альпі ормандарында ұшақ қирады. Жолаушылардың арасында Себастьянның құрбысы Анжелина да болған. Балақай үлкендердің қарсылығына қарамастан, сенімді иті Белльмен бірге Анжелинаны іздеуге аттанады.

 

«Көрінбейтін қонақ»

Қазақстандағы тұсаукесер: 26.07.19

Мемлекеті: Испания, 2016

Режиссері: Ориол Паоло

Рөлдерде: Марио Касас, Ана Вахенер, Хосе Коронадо, Пако Тоус

Жанры: триллер, детектив

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Кәсіпкер Адриан Дориа ашынасының өлімі үшін айыпталуда. Еркек өлімге қатысының жоқтығын айтады. Алайда, куәгерлердің куәлігі мен айғақтар басқаны меңзейді. Адрианды елдің үздік адвокаты Вирджиния Гудман қорғауға тырысады.

 

«Куәгерлер»

Қазақстандағы тұсаукесер: 26.07.19

Мемлекеттері: Ресей, Беларусь, Чехия, Франция, 2018

Режиссері: Константин Фам

Рөлдерде: Оксана Фандера, Филипп Янковский, Михаил Горевой, Маруся Зыкова

Жанры: драма

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Фильм кейіпкері көне скрипканы тауып алмағанша, өзінің тұқымы мен қай жерде туылғаны жайлы көп білмеген еді. Ер азамат аспаппен бірге өткеннен хат алады. Расында, кейіпкер кім? Неге оған жауап табу оңай болмайтынындай көрінеді?

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер