È

Аптадағы тұсаукесерлер: Санадан тыс

1 ақпаннан басталған апта тұсаукесерлері

Ақпанның алғашқы аптасы қызыққа толы болмақ. Айналымға «Оскар» иегерлері - «Тоня барлығына қарсы шығады» және «Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури», «Селфи» ресейлік триллері мен «Проявление» отандық қорқынышты фильмі шығады.


«Проявление»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.02.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2018

Режиссерлері: Нұрлан Батыров, Нияз Әбдіғапар

Рөлдерде: Жанел Мақажан, Дина Тасболатова, Лина Сұлтанова, Марат Әбішев

Жанры: триллер, қорқынышты фильм

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Карина жігіті және сіңлісімен бірге қала сыртындағы бір үйге көшіп келеді. Кейіпкерлер бақытты жаңа өмірден үмітті. Алайда, отбасылық үйлесім көпке созылмайтын сияқты, Карина үйде бөтен біреудің жүргенін сезе бастайды.

 

«Қысқа»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.02.2018

Мемлекеттері: Норвегия, АҚШ, 2017

Режиссері: Александр Пэйн

Рөлдерде: Мэтт Деймон, Кристоф Вальц, Хонг Чау, Кристен Уиг, Удо Кир

Жанры: фантастика, комедия, драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Норвегиялық ғалымдар халық санының көптігіне қатысты мәселенінің шешімін тапқан сыңайлы. Бар-жоғы, адамдарды кішірейту қажет. Пол тәжірибеден өтуге келісімін береді. Ол енді уайым-қайғысыз өмір сүремін деп ойлайды.

 

«Оазис»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.02.2018

Мемлекеті: Қазақстан, 2016

Режиссері: Бегарыс Елубай

Рөлдерде: Айдар Асарбай, Әділет Топаев, Сағат Жылгелдиев

Жанры: психологиялық драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Руслан – қылмыстық жолға түскен жетім. Мәмбет – марқұм атасына берген уәдесін орындау үшін отанына оралған оралман. Шөл даладағы әулие ағаштың жанында екеуінің жолдары түйіседі.

 

«Селфи»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.02.2018

Мемлекеті: Ресей, 2017

Режиссері: Николай Хомерики

Рөлдерде: Константин Хабенский, Юлия Хлынина, Федор Бондарчук, Анна Михалкова

Жанры: триллер, драма

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Бір күні Богданов өзінің әдеттерін, қимылдарын, тіпті әзілдерін айнытпай көшіріп, қайталайтын егізін жолықтырады. Ол осылайша Богдановтың атағын пайдаланып жүр екен. Сондықтан, оның шынайы бейнесін ашу керек.

 

«Тоня барлығына қарсы шығады»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.02.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Крэйг Гиллеспи

Рөлдерде: Марго Робби, Себастьян Стэн, Эллисон Дженни, Джуллиана Николсон

Жанры: спорт, өмірбаян, драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Тоня Хардинг – көптеген жеңістерге жеткен мәнерлеп сырғанаушы. Елінде өткен чемпионатта жеңіске жеткен Тоня енді Олимпиададан алтын алуға құмартады. Ол үшін қарсыласы Нэнси Керриганнан құтылу керек.

 

«Эббинг шекарасындағы үш билборд, Миссури»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.02.2018

Мемлекеттері: Ұлыбритания, АҚШ, 2017

Режиссері: Мартин МакДона

Рөлдерде: Вуди Харрельсон, Сэм Роккуэл, Джон Хоукс, Эбби Корниш

Жанры: драма, комедия, қылмыстық

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Милдред Хейстің жалғыз қызын бірнеше ай бұрын біреулер өлтіріп кеткен, қылмыскерлер сол күйі табылмады. Әйел үш билборд сатып алып, оған шерифке қарата айтылған ұнамсыз сөздерді жазып қояды. Бірақ, жергілікті тұрғындар оның бұл әрекетін құптамайды. Дегенмен, Милдред айтқанынан қайтпайды.

 

«Эйфория»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.02.2018

Мемлекеттері: Германия, Швеция, 2017

Режиссері: Лиза Лангсет

Рөлдерде: Алисия Викандер, Ева Грин, Марк Стэнли, Адриан Лестер

Жанры: драма, шытырман

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

Эмили мен Инес Еуропа бойымен саяхатқа шығады. Олардың мақсаты – бұл әлемді мәңгіге тастап кете алатындай жайлы жер табу. Инес бірте-бірте өз шешімінің дұрыс еместігіне көз жеткізе бастайды.

 

 

«Плюшті құбыжық»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.02.2018

Мемлекеті: Бразилия, 2017

Режиссері: Рафаэль Рибас

Рөлдерде: Селтон Мелу, Дира Паис, Паола Оливейра

Жанры: мультфильм, отбасылық

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Фильм кейіпкері – Лино есімді жігіт, оның өмірінде қилы кезеңдер өтіп жатады. Түңіле бастаған жігіт сиқыршының көмегіне жүгінеді. Бірақ, түсініксіз жағдай орын алып, Лино үлкен плюшті құбыжыққа айналып кетеді.

 

 

«Туған күнге арналған бір дүние»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.02.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2017

Режиссері: Сьюзан Уолтер

Рөлдерде: Шэрон Стоун, Тони Голдуин, Лиза Лапира, Жиль Марини

Жанры: драма, комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Сенна Бергес – табысты сәнгер, оның туған күні үнемі шиеленістерге толы болып өтеді. Әйел алдағы туған күнін үйінде қарсы алуды жоспарлайды, алайда тартымды бір жігіт оны сол күні кездесуге шақырады.

 

 

«Ұрыларды ұстау»

Қазақстандағы тұсаукесер: 01.02.2018

Мемлекеті: АҚШ, 2018

Режиссері: Кристиан Гьюдгэст

Рөлдерде: Джерард Батлер, Ивэн Джонс, Фифти Сент, Морис Комт

Жанры: атыс-шабыс, триллер, драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Лос-Анджелестің ең үздік полицей бөлімшесі оңайлықпен қолға түсе қоймайтын ұрыны ұстауы тиіс. Қылмыскер жақын арада АҚШ-тың ең ірі банктерінің бірін тонайды екен. Полицейлер бұзақыны осы жолы қалай да қолға түсіруі керек.

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Дания Кузембаева

5 февраля 2018, 11:39

Крутые киноновинки!)

Айдын

25 февраля 2018, 17:11

Я думаю хорошие фильмы

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер