È

Канндағы Қазақстан павильонының жұмыс күндері

Канндағы Қазақстан павильонының жұмыс күндері. Қазақстан киносы

Халықаралық Канн кинофестивалінің аясында Қазақстан алғаш рет өзінің жеке павильонын ашты. Ол әлемдегі 40 елдің киноөндірісі таныстырылатын «Le Village International» фестиваль Сарайының аумағында орналасқан. Қазақстан павильонының операторы әрі ашылуына түрткі болған – «Ұлттық Кинематография өнері және ғылымы академиясы» қоғамдық қоры.

Қазақстан павильонының салтанатты ашылуында танымал әнші Димаш Құдайберген өз өнерін паш етті. Алғашқы қонақтардың арасында ҚР Мәдениет вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, Халық әртісі Айман Мұсақожаева, театр және кино актері Ерік Жолжақсынов, продюсер Ернар Мәліков және т.б. болды. Келушілерді павильон директоры Анна Качко, продюсер Анна Чакиртова және кинорежиссер, Ұлттық Кинематография өнері және ғылымы академиясының негізін қалаушы Рашид Нұғыманов қарсы алды.

Павильон қызметі аясында түрлі кездесулер өтіп, отандық кинокомпаниялар мен студиялардың жобалары таныстырылатын болады. Атап өту керек, Канн кинонарығының шарты бойынша, алаңқай жалпыұлттық айналымға кем дегенде бір фильмді шығарған, 3 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан компанияларға беріледі.

Қазақстан павильоны 28-мамырға дейін жұмыс істемек.

 

Суреттер: prp.kz

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер