È

Режиссер Ален Ниязбеков «Каникулы в Таиланде» фильмі жайлы

Режиссер Ален Ниязбеков  «Каникулы в Таиланде» фильмі жайлы

Келер жылы үлкен экранға «Каникулы в Таиланде» жаңа комедиясы шығады, фильмге продюсерлік еткен Нұрлан Қоянбаев. Режиссеры Ален Ниязбеков, режиссер үшін бұл екінші толық метр («Оралман из Питера»).

Ален Ниязбековтың айтуынша, «Каникулы в Таиланде» - бұл достық, өзара түсіністік пен бірін-бірі қолдау турады жастар комедиясы.

«Фильм көтеріңкі көңіл-күйге, жігер мен қуатқа толы. Бұл картина достық жайлы, еш кедергілерге қарамастан мақсатыңа ұмтылу жайлы. Басты кейіпкерлер - басқа елге демалуға барған студенттер тобв, осы жақта небір жағдайларға кез болады. Фильмде мистика, экшн-көріністер бар, біз отандық кинематографта жасай бермейтін батыл қадамдарға бардық», - дейді режиссер.

Түсірілім уақыты бір айдан астам уақытқа созылды, түсірілім тобы 24 күн Таиландта жұмыс ңстеді.

«Түсірілім басталған күні-ақ тропикалық нөсер мен дауылға ұрындық. Біз өзімізге қажет кадрды түсіре алмадық. Түсірілімді жоспарлағанда мұндай қиындықтар болады деп ойламаппыз. Барлық қиындықтарға ұқарамастан түсірілімді белгіленген уақытта аяқтай алдық», - дейді Ален Ниязбеков.

Негізгі рөлдерді дебютанттар Диора Романова, Мадина және Медина Талипбек, Газрет Ержанов, Айсалкын Ринаткызы және басқалар орындады. Сондай-ақ фильмде көрермен өздеріне таныс Нұрлан Қоянбаевты және Дәулет Бижановты көре алады.

«Каникулы в Таиланде» фильмі келесі жылы шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеген Байтөкенов

Актер

Төлепберген Байсақалов

Актер