È

Рүстем Әбдірашев «Қазақ хандығының» екінші бөлімін түсіріп жатыр

Рүстем Әбдірашев «Қазақ хандығының» екінші бөлімін түсіріп жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақ хандығы. Алтын тақ» тарихи таспасының түсірілімі өтіп жатыр. Картина былтырғы жылы жарыққа шыққан «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің жалғасы болмақ және Жәнібек ханның өліміне дейінгі оқиғалар жайлы баяндайды. Фильмді Ілияс Есенберлин романының желісі бойынша режиссер Рүстем Әбдірашев түсіруде.

«Қазақ хандығы. Алтын тақ» картинасындағы оқиға 1470-1485 ж.ж. аралығында өрбиді. Бұл аралықта керуен жолда орналасқан ірі сауда әрі мәдени орталық - Сығанақ қаласы үшін қазақ тайпалары мен шайбанидтер қырғын соғыс жүргізеді. Аталмыш оқиға Жәнібек ханның өлімімен ақталады деп күтілуде.

Авторлар екінші бөлімнің негізгі түсірілімін Оңтүстік Қазақстанда өткізуді ұйғарыпты. Түлкібас ауданында орналасқан «Иір су» жайлауында Керей мен Жәнібек хандардың ордасы құрылған. Сол жерде ауылдың және көшіп-қону мен шайқас көріністері түсіріліп жатыр. Жақын арада түсірілім тобы Түркістанға қарай бет алмақ, ол жақта Жәнібек ханды ақ киізге отырғызып, көтерген, қазақ тайпасының басшысы ретінде сайлаған көрінісі түсірілмек.

Бас продюсер Арман Асеновтың айтуынша, Түркістан кездейсоқ таңдалған жоқ. Көркем құрылыс Шәкен Аймановтың «Алдар Көсе» фильмінде ғана көрсетілген, дегенмен ол көптеген тарихи оқиғалардың куәгері болып табылады. Продюсер кадрға Қарахан мен Айша бибі кесенелерінің де түсетінін айта кетті.

Айта кету керек, көлемді тарихи картинамен 200-ден аса маман жұмыс істеуде. XV ғасырды жаңғыртумен қоюшы-суретші Мұрат Кәріпов жетекшілігіндегі топ және костюм бойынша суретші Ажар Әубәкірова айналысып жатыр.

«Қазақ хандығы. Алтын тақ» кинотаспасын биылғы жылдың жетоқсанында көрсетуге уәде беріп отыр. Көрермендер фильмнен қайтадан Қайрат Кемаловты, Еркебұлан Дайыровты, Досхан Жолжақсыновты, Қарлығаш Мұхамеджанованы, Аян Өтепбергенді, Ниязбек Шайсұлтановты, Іңкәр Әбдіраш пен басқа да актерларды көре алады.

 

 

 

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер