Санжар Мәди спорт «Оскарын» иеленді
Санжар Мәди 2018 жылғы спорт «Оскарының» иесі атанды. Актер Жауынгерлік өнері Халықаралық академиясының беделді жүлдесін кинода спортты насихаттағаны үшін иеленген.
Санжар Мәдидің фильмографиясында 15-тен астам қазақстандық жоба бар. Оның қатысуындағы танымал фильмдер – «Кері жағы», «Үйге оралу», «Аманат» және «30-да күйеуге шығу». Сонымен қатар, актер «Қорғаушылар», «Алтын Орда», «Саз шұңқыр» және «Естелік сурет» сынды ресейлік фильмдерге түсіп, тәжірибе жинақтаған.
Спорттық «Оскардың» лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі дәстүр бойынша Нью-Джерси штатында, Атлантик-Ситиде өтті.
Еске сала кетсек, былтырғы жылы спорт «Оскарын» Қазақстанға продюсер әрі актер Арман Асенов алып келген болатын.
Сурет Санжар Мәдидің Instagram-дағы жеке парақшасынан алынды
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Даник
2 февраля 2018, 13:34Поздравляю! Молодец!