È

«Қазақша кәсіп Америкада» фильмінің саундтрегі

«Қазақша кәсіп Америкада» фильмінің саундтрегі

Желіге «Қазақша кәсіп Америкада» фильмінің саундтрегі шықты. Картинаның музыкалық сүйемелдеуі «Билеп ал» атты шығарма болды. Жігерлі әнді фильм режиссері Жеңісхан Момышев орындады. Әні мен сөзінің авторы - Сержан Момышев.

«Қазақша кәсіп Америкада» фильміндегі оқиға АҚШ-та өтеді, Жомарт маңызды шаруалармен шетелге аттанады. Негізі, отандық кәсіпкер өзінің қонақүйіне 5 жұлдызды бедел алуды қалайды. Жомарт шетелдік сарапшылармен келісіп, ортақ тіл табыса ала ма, жоқ, па, оны алдағы қыста білетін боламыз.

Кинотаспа айналымға 28 желтоқсан күні шығады.

Көрермендер комедиядан Нұрлан Қоянбаевты, Жан Байжанбаевты, Рамазан Амантайды және американдық актерлар Син Александр Джеймс пен Ашли Огиллардты көре алады.

«Қазақша кәсіп Америкада» картинасы Лос-Анджелесте биылғы жылы 2-23 тамыз аралығында түсірілді.

Музыкалық бейнебаянның түсірілімі де Лос-Анджелесте, Даунтаун (Қаланың іскерлі кварталы- ред.) ауданында өткен.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

6 қараша 2017, 13:27

ну фильм не будет уже как преждний

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер