È

«Қазақша кәсіп Америкада» фильмінің түсірілім тобы Лос-Анджелеске жетті

«Қазақша кәсіп Америкада» фильмінің түсірілім тобы Лос-Анджелеске жетті. Қазақстан киносы

Жақында «Қазақша кәсіп» комедиясының түсірілім тобы Лос-Анджелеске кеткен. Ол жақта фильмнің жалғасы түсірілмек. Әзілге толы оқиғаның екінші бөлімі «Қазақша кәсіп Америкада» деп аталады. Картинаның қоюшы-режиссері қайтадан Жеңісхан Момышев, ал бас продюсері - Нұрлан Қоянбаев.

Түсірілім алаңына сондай-ақ, қоюшы-оператор Азамат Дулатов, екінші режиссер Евгения Морева және сценарий авторларының бірі Сәбит Рахымбаев ұшып кетті. Лос-Анджелестегі түсірілім 20 күнге созылмақ.

«Қазақша кәсіп Америкада» комедиясы – бұл кішігірім мейманхана иесінің хикаясы. Жомарт мейманхананы халықаралық беделге айналдырып, бес жұлдызды мәртебесін алу үшін шетелдік демеушілермен келісім-шартты сәтті аяқтайды. Бірақ, кәсіпкердің тамаша жоспары қыл үстінде тұр, сондықтан жағдайды түзеу үшін олар штатқа аттанады.

«Қазақша кәсіп Америкада» фильмінің түсірілім тобы

Фильм жалғасының негізгі кейіпкерлерін Нұрлан Қоянбаев, Жан Байжанбаев, Қажет Смағұлов, Гүлназ Жоланова және Әбунасыр Серіков сомдайды. Авторлар жаңа кейіпкерлерді шетелдік актерларға тапсырды, олардың есімдері кейінірек белгілі болады.

Картина директоры Рустам Юсуповтың сөзінше, фильм түсірілімі жақын күндері басталады. Әзірге локациялар таңдау, сценарийдің соңғы оқылымы сынды дайындық жұмыстары жүргізілуде.

 

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Болат Кисамбаев

4 тамыз 2017, 14:18

удачи

Мырзахмет

5 тамыз 2017, 02:08

Что то здесь я не вижу фото главной героини фильма Гүлназ Жоланова, где она.

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса