È

«Кинодан да артық» фильмінің саундтрегі

«Кинодан да артық» фильмінің саундтрегі

23 қараша күні Асқар Бисембиннің «Кинодан да артық» комедиясы отандық айналымға шығады. Тұсаукесердің алдында көрермендерге фильмнің ресми саундтрегі ұсынылды. Фильмнің музыкалық сүйемелдеуі әнші Мархаба Сәбидің орындауындағы «Қап, қайтейін» әні атанды.

«Кинодан да артық» комедиялық фильмі дебютті картинасына қаржылай қолдау іздеген жас режиссер туралы баяндайды. Ол бір павильонда хикаяның түсірілімі болып жатқанын біледі де, соны пайдаланып, өзінің жеке киносын түсіруді ұйғарады. Басты мәселе – актерларды көндіру.

«Қап, қайтейін» бейнебаянынан көрініс

Асқар Бисембиннің айтуынша, картина кино түсірушілерге арналады.

Түсірілімге Данияр Алшынов, Аружан Жазылбекова, Жәния Джуринская, Дәурен Айдарқұлов, Әбунасыр Серіков және Газрет Ержанов сынды актерлар атсалысты.

Фильм биылғы жылдың шілдесінен тамыз айына дейін түсірілді.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер