È

«Қараман» триллерінің саундтрегі

«Қараман» триллерінің саундтрегі

Желіде «Қараман» триллерінің саундтрегіне түсірілген бейнебаян пайда болды. Фильмнің басты музыкалық туындысы – «Соғады жүрек». Шығарманы Роман Ким мен Мұрат Бекмұратов орындайды.

«Қарамандағы» оқиға көне алтын мүсіншенің орналасқан жерін біліп қойған қазушы қаралар айналасында өрбиді. Топ тұзаққа түсіп қалатындарын білмей, жәдігерді іздеуге аттанады. Кейіпкерлердің достық, мықтылық пен адамгершілік қасиеттері сынға түседі.

Фильм Мейірмани Нұрлыбек пен Тимур Жақсылықовтың сценарийі бойынша Alan cinema production кинокомпаниясымен түсірілді. Жобаның режиссері - актер Дастен Шәкіров, бас продюсері - Мұрат Бекмұратов.

Кинотаспа биылғы жылдың 12 сәуірінде айналымға шығады.

«Қараман» фильмінің трейлерін «Бродвейден» көре аласыздар.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Санжар Мәди

Актер