È

«Бақсы дуасы» фильмінің алғашқы демалыстағы жинағы

10-13 мамыр аралығындағы кассалық жинақ

Өткен аптада экранға «Бақсы дуасы» психологиялық триллері, «Истерия» қорқынышты фильмі және «Айла: Соғыс қызы» түрік драмасы шықты. Қандай картиналар айналым үздігі атанды, ал қайсына көрермен назары жетпеді екен, барлығын Қазақстандағы кассалық жинақ* рейтингінен оқыңыздар.

Айналымдағы екінші апта «Кек алушылар: Мәңгілік соғыс» блокбастеріне 109 039 972 теңге әкелді. Кинотаспа сценарийін «Бірінші кек алушының» және «Тор 2: Түнек патшалығының» авторлары Кристофер Маркус және Стивен МакФили жазған. Режиссерлікті «Бірінші кек алушы: Басқа соғысты» түсірген ағайынды Руссолар қолға алды. Фильм Marvel-дің ең кассалы жобасы атанды: әлемдік жинағы 1,6 миллиард долларға жетті.

Екінші орынды «Собибор» әскери драмасы иеленді. Оның екінші демалыстағы кассалық жинағы 8 060 878 теңгені құрады. Картина шынайы оқиғаларға негізделген және Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Собибор ұлтшыл өлім лагері туралы баяндайды. Фильмнің басты кейіпкерінің прототипі - Александр Печерский – түсірілім кезінде тірі болған және Ростов-на-Донуда тұрған еді.

«Собибор» фильмінен көрініс
«Собибор» фильмінен көрініс

Уэс Андерсонның анимациялық фильмі үшінші орынға жайғасып, 7 363 200 теңге көлемінде пайда тапты. Мультфильм 2018 жылғы Берлин кинофестиваліне қатысып, үздік режиссерлік жұмыс үшін «Күміс аюды» иеленді. Кинотаспа кейіпкерлерін голливуд актерлары: Билл Мюррей, Скарлетт Йоханссон және Тильда Суинтон дыбыстады.

«Истерия» қорқынышты фильмі 7 060 200 теңге жинады. Жобаның қоюшы-режиссері актер, сценарист әрі продюсер Дэннис Илиадис болды. Оның портфолиосында үш толық метр және екі қысқаметражды жұмысы бар. Илиадистің соңғы жұмыстарының бірі – «Сол жақтағы соңғы үй» (2009) хорроры.

«Қаз әке-ана» мультфильмі 5 223 900 теңге жинады. Картина АҚШ пен Қытайдың коөнімі болып табылады, сондай-ақ актер Скотт Эткинсонның сценарист ретіндегі дебюті болды. Эткинсон белгілі «Декстер», «Алда мені», «Сүйектер» және «Теңіз полициясы: Арнайы бөлім» телехикаялары арқылы танымал.

«Түнекте тыныс алу» триллері 4 172 000 теңге жинады. Фильмдегі оқиға сюжеті Франция астанасында болған, алайда фильм түсірілімі Сент-Уан-л`Омонда өткен. Қалашық Париждің солтүстік-батысында орналасқан. Кейбір көріністер Bry-sur-Marne студиясының павильондарында түсірілді. Түсірілім 2017 жылдың 13 ақпанынан 19 сәуірге дейін жалғасқан.

«Түнекте тыныс алу» фильмінен көрініс
«Түнекте тыныс алу» фильмінен көрініс

«Айла: соғыс қызы» түсірк таспасы тұсаукесерлі демалыста 3 559 500 теңге жинады. Режиссер Джан Улкаидың бұл картинасы «Шет тіліндегі үздік фильм» аталымы бойынша «Оскар-2017» үміткерлерінің тізіміне енді. Фильмге түрік киносының жұлдыздары Четин Текиндори мен Исмаил Хаджиоглу түсті.

«Анон» психологиялық триллері 3 494 400 теңге көлемінде пайда тапты. Фильм қоюшысы Эндрю Никкол«Труман шоуы» және «Терминал» сынды картиналардың сценаристі. Режиссер басты рөлдердің біріне бірінші болып, Клайв Оуэнды («Күнәлар қаласы») бекіткен, кейін кастаға Аманда Сайфред қосылды.

1 миллион теңгеге жуық жинаған фильмдер: «Шындық немесе әрекет» - 1 727 600 теңге, «Өлім музасы» - 1 484 908 теңге, «Рэмпейдж» - 1 336 200 теңге және «Смешариктер. Дежавю» - 1 044 709 теңге.

«Бақсы дуасы» отандық таспасының жинағы алғашқы демалыста 912 500 теңгені құрады.

 

*Материал Meloman Entertainment және Ticketon.kz компанияларының мәліметтері бойынша дайындалды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер