È

«Nya Nya аға» хикаясы эфирге шықты

«Nya Nya аға» хикаясы эфирге шықты

«Жетінші арнада» «Nya Nya аға» хикаясы көрсетіле бастады. Көпсериялы комедия көрерменді шытырман оқиғаларға тап болып жүретін Мақсатпен таныстырмақ.

«Nya Nya аға» хикаясы – Мақсат айналасында өрбитін отбасылық комедия. Жас жігіт жұмысқа жаңадан орналаса салып, бастығының балаларына қарауы тиіс болады. Бір қарағанда, балалармен ойнап отыру жеңіл сияқты көрінеді. Бірақ, оларды бағалау керек. Себебі, бүлдіршіндер ақылға сыймайтын әрекеттерге баруы мүмкін ғой.

Мақсаттың образын Қуаныш Жылжақсынов сомдады. Актер «Нархоз» хикаясы арқылы танылған болатын. Мақсаттың ғашығын - Динара Бақтыбаева, бастығын - Әсель Акбарова, кішкентай қыздарды Диана Холловей, Әмина мен Адина Малғаждар сомдайды.

Режиссер Дархан Сәркеновтың айтуынша, сценарийі бірнеше рет өзгертілген екен. Соңында, драма мен мелодрама элементтері бар комедиялық хикая болып шыққан.

Картина өндірісімен Alma pictures компаниясы айналысты. «Nya Nya аға» хикаясын жұмыс күндері сағат 20:20-да көріңіздер.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса