È

Жақында экранға «Шекара шебінде» сериалы шығады

Жақында экранға "Шекара шебінде" сериалы шығады

16 желтоқсанда «Қазақстан» телеарнасында «Шекара» копсериалы фильмі көрсетіле бастайды. Көпсериалы фильм - Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығының құрметіне көрермендерге жасалған сый. Картина режиссеры - Ануар Матжанов («Патруль»), продюсер - Батыр Сазаханов.

«Шекара шебінде» сериалы - даңқты шекара қорғаушылар жайлы оқиға. Кейіпкерлер күтпеген жағдайларға тап болады, олар достықтың құнын біліп, өз қорқыныштарын жеңуге үйренеді. 16 сериялық фильм біздің шекарашыларымыздың қызметі жайлы баяндайды.

Сериалда көрермендер таныс актерлерді Олжас Әлжановты, Олжас Ибраевты, Дарын Оңласынұлын, Гүлдана Ахмет және басқаларды көре алады.

Көпсериялы жобаның түсірілімі мамыр айында басталып, Жоңғар Алатауы бааурайындағы Жакент қаласының шекара шебінде өтті.

Жалпы 2016 жылы «Қазақстан» арнасы 9 сериалға тапсырыс берді: «Айман-Шолпан», «Көзайым», «Іңкәр жүрек», «Өмірдің өзі новелла», «Сүйе білсең», «Қызыл алма», «Қармен жауылған қан», «Ұлы дала өсиеті» және «Шекара шебінде». Жаңа телемаусымды 100 сериялы «Айман-Шолпан» фильмі ашқан болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер