È

«Үлкен үй» хикаясының екінші маусымының көрсетілімі басталады

«Үлкен үй» хикаясының екінші маусымының көрсетілімі басталады. Қазақстан киносы

Бүгін «Асыл арна» телеарнасында «Үлкен үй» хикаясының екінші маусымының тұсаукесері болады. Телефильмнің көрсетілімі сағат 21:00-де басталып, жұмыс күндері эфирден шығатын болады. Көрермендерге 10 эпизод ұсынылмақ.

«Үлкен үй» хикаясы әйелімен, бала-шағасымен қала сыртында тұратын Мырзахан туралы баяндайды. Такси жүргізушісі болып жүріп, ер азамат қалаға көшуді ойлап жүреді. Оның ойынша, жақсының барлығы сол жақта секілді көрінеді. Бірақ, оның отбасы мүшелері бұл ойын құптамайды. Өйткені, ауылда әйелінің тұрақты жақсы жұмысы бар, бала-шағасының достары да ауылда. Отбасылық ішкі қарсылықтың аясында әлеуметтік тақырыптар, адамгершілік пен тәрбие мәселелері қозғалады.

«Үлкен үй» фильмінен көрініс

Жоба продюсері Ерлан Әбдірұлының айтуынша, екінші маусымның түсірілуіне көрермендердің сұранысы мен жоғары рейтинг себеп болған.

Айта кету керек, көпсериялы фильмнің идеясы «Асыл арна» арнасының бас директоры, ақын әрі публицист Мұхамеджан Тазабековке тиесілі.

Көпсериялы жобаның өндірісімен режиссер Мақсат Оспановтың («Мент») жетекшілігіндегі телеарнаның шығармашылық тобы және қоюшы-оператор Еркін Сатенов («Сергелдең») айналысты. Хикая биылғы жылдың көктемінде Шымкентте түсірілді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер

Вадим Шлахтер

Актер

Анастасия Фёдорова

Актриса

Игорь Бабичев

Актер