È

Толғанай Талғат «Так себе зима» фильміне түсті

Толғанай Талғат «Так себе зима» фильміне түсті

Қазақстандық театр және кино актрисасы Толғанай Талғат режиссер Ольга Коротьконың «Так себе зима» фильміне түсті. Актриса басты рөлдердің бірін ойнады, бұл туралы актриса «Бродвейге» әңгімелеп берді.

«Қазақстандық кинода мықты әйел кейіпкерлердің пайда болғанына мен қуаныштымын, оларды ойнаған өте қызық. Бұл фильмдегі менің рөлім - Динара есімді қыздың бойжетуі, оның өзін өзі қабылдауы туралы оқиға. Фильм бойында ол өз бойындағы тәкәппарлықпен күреседі. Динара өзінің бұл мінезі үшін ұялады, өзіне өзі мойындауға қорқады. Алайда фильмнің соңында ол өзі қандай, сондай болып қалуға мүмкіндік береді, ештеңеге қарамастан өз мінезімен мақтанады», - дейді актриса.

«Так себе зима» фильмі психологиялық драма жанрында түсірілген, моральды принциптер, адамға тән тәкаппарлық секілді қасиеттер жайлы. Сюжеттегі қыз жағдайы жақсы отбасынан. Кейіпкерге достық пен өз принциптері арасында таңдау жасауға тура келеді. Авторлардың айтуынша, оқиғаның соңы көрермендер үшін қызық болмақ.

«Ольга Коротько бірде маған арнап сценарий жазатынын айтты. Кейін сценарийді маған көрсетті, маған қатты ұнады. Идеясы өте ерекше. Әр кейіпкер басынан аяғына дейін толық жазылған, сюжеттің әр деталі қамтылған. Маған Ольгамен тағы бір рет жұмыс істеудің сәті түсті. Барлық түсірілім тобына, тамаша актерлерге, олардың еңбегі мен дарынына алғыс білдіремін. Бұл тек басы ғана екеніне сенімдімін», - дейді Толғанай.

Бұған дейін актриса Ольга Коротьконың «Обыкновенный человек» қысқаметражды лентасына түскен. Оның рөлі Saryarka short film festival фестивалінде «Үздік әйел адам рөлі» номинациясы бойынша жеңіске жетті. Ақпанда Толгғанай Талғат Berlinale talents білім алаңына Қазақстан атынан шықпақ.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса