È
Кіру
Парольді ұмыттыңыз ба?

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунт жоқ па?Тіркелу

Қолданушы келісімі

Келісім шарттарымен таныстым

Тіркелу
+7
Пожалуйста, оставляйте реальные данные, чтобы мы могли помочь вам в случае возникновения проблем работы сайта.

или войти

  • через Фейсбук
  • через Твиттер
  • через Вконтакте

Аккаунтыңыз бар ма?Кіру

Парольді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен парольді есіме түсірдім

Казахстанский Бродвей
Кинотеатр
Қазақстан киносы
  • Әлемдік кино
Онлайн қарау
Жаңалықтар
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Кастингтер
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
Рейтинг Афиша Тұлғалар Тесттен өту
Ру
Бродвей
  • Онлайн қарау
    • Қазақстан киносы
    • Әлемдік кино
  • Киноөндіріс
  • Тест
  • Тұлғалар
  • Рейтинг
Кастингтер Дүкен Кинотеатр Афиша
Жаңалықтар
  • BrodLive
  • Қазақстан кино жаңалықтары
  • Әлемдік кино жаңалықтар
  • Тұлға жаңалықтары
Мақалалар
  • Сұхбат
  • Пікірнамалар
  • Пікірлер
  • Бағандар
  • Бродвей таңдауы
  • Өткенге шолу
  • Тесттен өту
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан киносы
  • Төлепберген Байсақалов «Миымды ашытпаңыздаршы» фильмі үшін үш дөңгелекті мотоцикл айдауды үйренді

Төлепберген Байсақалов «Миымды ашытпаңыздаршы» фильмі үшін үш дөңгелекті мотоцикл айдауды үйренді

  • 29 Наурыз, 2018
  • BrodKaz
  • 1 614
  • 0
Төлепберген Байсақалов «Миымды ашытпаңыздаршы» фильмі үшін үш дөңгелекті мотоцикл айдауды үйренді

26 сәуір күні айналымға «Миымды ашытпаңыздаршы» комедиялық фильмі шығады. Кинодағы жарқын рөлдерімен танылған Төлепберген Байсақалов картинадағы басты рөлдердің бірін сомдайды. Актер бұл жолы қандай кейіпкерді сомдағанын және түсірілім алаңында қандай жайттарға тап болғанын «Бродвей» оқырмандарына айтып берді.

«Миымды ашытпаңыздаршы» фильмінің кейіпкерлері – каскадер болып жұмыс істейтін бойжеткен және үнемі түрлі оқиғағаларға тап болып жүретін әке. Бір күні бойжеткеннің әкесі Шри-Ланкада тұтқынға түсіп қалады. Кейіпкердің әкесін түрмеден шығарып алуына екі күн ғана уақыты бар. Бөтен елде оған көмек қолын созуға дайын адамдар да табылады.

Төлепберген Байсақаловты жобаға бұл рөлді одан артық ешкім сомдай алмайтынын айтып, Джами Бейсенов шақырған.

Фильм түсірілімінен көріністер: Евгения Кистанова
Фильм түсірілімінен көріністер: Евгения Кистанова

«Мен 90-шы жылдардағы «ағайындылардың» қудалауынан Шри-Ланкаға қашып кеткен жігітті сомдаймын. Кетуін кетті, ал онда ешкім де, ешнәрсе де жоқ, үйін сағынады, «біздікілерді» қарсы алып, аздап өтірік айтып өмір сүре береді. Менікі екінші қатардағы рөл болғанымен, бас кейіпкерлер бұл бейнесіз ештеңе шығара алмас еді. Түсірілім тобы ауқымды емес, бірақ сонда да тамаша болды. Біз күндіз жұмыс істедік, ал кешке үлкен дастархан басына жиналып, сол күнді талқылап, алдағы түсірілімге жоспар құрдық», - деді актер.

Отандық комедияның түсірілімі Шри-Ланканың Цейлон аралында өтті. Байсақаловтың сөзінше, оны тропикалық жердің табиғаты мен жануарлары таң қалдырған. Дегенмен, оған жергілікті тағамдар ұнай қоймапты.

Фильм түсірілімінен көріністер: Евгения Кистанова
Фильм түсірілімінен көріністер: Евгения Кистанова

«Маған Шри-Ланканың табиғаты, жабайы жануарлары қызық көрінді. Ал тағамдары ұнамады, дәмсіз екен. Орманы – біздің қазақстандық жазық алқап сияқты емес. Өте ылғалды, сүліктер мен жәндіктер көп кездеседі. Оның үстіне, маған тук-тукты айдап үйренуге тура келді (жабық үш дөңгелекті мотоцикл. – Ред. алқ.). Бірден үйренген жоқпын, құлаған кездерім болды. Нәтижесінде, ауылдық жерлерде ғана емес, қалада да мотоциклмен жүретін болдым, ал жергілікті тұрғандар мені сол жердің тұрғыны ретінде қабылдап, жеткізіп тастауын өтініп, тоқтататын болды», - деп әсерлерімен бөлісті Төлепберген.

Сондай-ақ, Жібек Жаппасбаева мен Фархат Құлбаев та аралда болып, «Миымды ашытпаңыздаршы» фильміне түсті.

Айта кетейік, бүгін, 29 наурыз күні Төлепберген Тұрсынұлы 44-ші туған күнін тойлауда, актерді жеке меншік мерекесімен «Бродвей» редакциясы да құттықтайды!

Превью: Руслан Тағаев

  • 29 Наурыз, 2018
  • BrodKaz
  • 1 614
  • 0

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Казахстанское кино

21 Тамыз, 2023

VIII BAIQONYR кинофестивалінің Ұлттық байқауының қазылар алқасы

VIII BAIQONYR

Brod.kz

Казахстанское кино

25 Мамыр, 2023

Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлікті рейдерлікпен басып алу туралы толықметражды «ГОК» фильмі толыққанды прокатқа шықты

В кинотеатрах с 25 мая

Brod.kz

Казахстанское кино

31 Тамыз, 2022

VII BAIQONYR ISFF қазылар алқасымен танысу

Ұлттық конкурс

Brod.kz

Казахстанское кино

21 Тамыз, 2023

VIII BAIQONYR КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

VIII BAIQONYR

Brod.kz

Смотреть онлайн

Старик

Таныс бейне

Төлеген Байтөкенов

Актер

Төлепберген Байсақалов

Актер

  • Фейсбук
  • Инстаграм
  • Вконтакте
  • Твиттер
Бродвей

«Бродвей» кинопорталы - қазақстандық кино қайраткерлерді және олардың шығармашылығын насихаттайтын, киносүйер қауымды біріктіретін Казнеттің бірегей жобасы

  • info@brod.kz (барлық сауалдар бойынша)
Ракетті фирма

© 2012–2026 Бродвей

  • Жарнама