È

Алматыда «Бөлінбейтін» және «Шек» фильмдерінің ашық көрсетілімдері өтеді

Алматыда «Бөлінбейтін» және «Шек» фильмдерінің ашық көрсетілімдері өтеді

Алматыда «Сыншылар таңдауы» отандық киномарафоны жалғасуда. 9 мен 10 ақпан күндері көрермен назарына Олжас Ахметовтың «Бөлінбейтін» және Алдияр Байрақымовтың «Шек» атты дебютті толықметражды картиналары ұсынылмақ.

«Бөлінбейтін» картинасы драма элементтерінен құралған қылмыстық комедия жанрында түсірілген. Инкассатор көлігін тонап кеткен белгісіз үшеу жол бойындағы дәмханада жасырынып отырады. Кейін дәмханаға полицейлер кіріп келеді. Олар қылмыскерлерді анықтай ала ма?

Фильм авторлары жұлдызды актерлік құрамды жинаған. Кинотаспаға Берік Айтжанов, Әзиз Бейшеналиев, Шыңғыс Қапин, Асан Мәжит, Ерден Телемісов және Алексей Шемес түсті.

Фильм 9 ақпан күні сағат 18:00-де көрсетіледі.

«Бөлінбейтін» фильмінен көрініс

«Шек» фильмі өмірлері бір-бірінен ерекшеленетін екі жасөсіпірім туралы баяндайды. Арсен оқуға мүмкіндігі болмай, базарда жұмыс істейді, ал Олжас керісінше, анасымен бірге тұрады, оқуда да озат. Бірақ, бір ғана оқиға өмірлерін күрт өзгертеді.

Драма кейіпкерлерін дебютант-актерлар Әлішер Әбуов пен Шәріфбек Зәкіров сомдады.

Картинаны 10 ақпан күні сағат 18:00-де көре аласыздар.

Көрсетілім аяқталған соң кинокартиналардың авторларына сұрақ қоюға болады.

Көрсетілім ұйымдастырушылары – Қазақстан киносыншылар қауымдастығы. Фильмдер марафоны «Кино» дәмханасында өтеді. Кіру тегін.

«Шек» фильмінен көрініс

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер