È

«Nya Nya аға» хикаясының түсірілімі аяқталды

Алматыда «Nya Nya аға» хикаясының түсірілімі аяқталды

Режиссер Дархан Сәркенов «Nya Nya аға» комедиялық хикаясының түсірілімін аяқтады. Түсірілім уақыты 20 күнге созылған. Картина Алматы мен Алматы облысында түсірілген.

«Nya Nya аға» хикаясы – Мақсаттың қызықты оқиғаларын баяндайтын отбасылық комедия. Жігіт сән басылымына жұмысқа орналасады. Бірақ, ол әкімшілік жұмыстың орнына директордың перзенттеріне қарайтынын бала күтушісі болатынын мүлдем білмеген еді. Дегенмен, Мақсат мойымай, бірден іске кірісіп кетеді. Себебі, оған сұлу ару Алтын көмектеседі.

Ситкомның кейіпкерлерін Қуаныш Жылжақсынов және Динара Бақтыбаева сомдады. Ал балаларды Әмина мен Адина Малғаждар және Диана Холловей ойнады. Сондай-ақ, көрермендер картинадан Әсел Акбарова мен Қасымхан Бұғыбайды көре алады.

Жобамен 50 адамнан тұратын түсірілім тобы айналысты. Қоюшы-операторы - Жанболат Еділбаев.

Хикая «Жетінші арнаның» тапсырысымен Alma pictures продюсерлік орталығының негізінде өндірілді. Көрермендерге барлығы 12 бөлім ұсынылады.

 

 

Суреттер «Nya Nya аға» хикаясының Instagram-дағы ресми парақшасынан алынды

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер