È

«Қашу» фильміне Қазақстан Ұлттық гвардиясының әскерлері түсті

«Қашу» фильміне Қазақстан Ұлттық гвардиясының әскерлері түсті

Жақында қазақстандықтарға шынайы оқиғаларға негізделген «Қашу» атты әскери-патриоттық фильм ұсынылады. Продюсер Данияр Ибрагимов кинотаспа түсірілімі, авторлар өткерген қиындықтар туралы «Ел Арна» телеарнасының «Кино мәдениеті» бағдарламасында баяндап берді.

Көркем фильм негізіне 2010 жылы Ақтауда болған шынайы оқиға арқау болған. Сол кезде қатаң тәртіптегі колониядан қамауда отырған тұтқындар қашып кеткен еді.

«Фильм шынайы оқиғаларға негізделгенімен, сюжет желісі ойдан шығарылған. Біз қатардағы Ербол Отарбаевтың хикаясына сай түсірдік. Шынайы өмірде сондай батыр бар. Президент оған орден тапсырған. Бізге соның оқиғасы ұнап қалды, сондықтан тыңдай отырып, өзіміз хикая түсіруді ұйғардық. Бірақ, оның әрекетін өзгертпей, сол күйінде қалдырдық: ол қиын кезде қаруын тастамай, тығылып қалмай, өз міндетін адал атқарды», - деді Данияр Ибрагимов.

Сюжет бойынша 19 жасар Ерлан Қаратаев (Санұржан Сүлейменов) жұмыс үлестіру кезінде колония күзетінің құрамына тап болады. Сол жақта бала күнгі досы Дәуренді (Жасұлан Өмірбек) жолықтырады, Дәурен қамаудағылармен бірге қашуға дайындалып жүрген екен.

Түсірілім басталар алдында режиссер Серікбол Өтепбергенов тобымен бірге оқиға болған орынға – Маңғыстау облысы бойынша қатаң тәртіптегі №23 ТМ ҚТЖКБ-ға барып қайтты. Алайда, фильмді Алматы облысында орналасқан Қаракемер ауылындағы әскери бөлімде түсіруді ұйғарған.

«Картинаны «Хабар» телеарнасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясы қолдап, түсірілім бюджетінің жартысын бөліп берген. Егер олардың ұсынған құралдарын, техника мен құрылғыларды және қару-жарақты есептесек, қомақты қаражат шығады. Оның үстіне, фильмдегі әскери спецназды актерлар емес, гвардия сарбаздарды сомдады. Көптеген эпизодтық рөлдерді де әскерлер ойнады», - деп қоса кетті Данияр Ибрагимов.

Продюсердің айтуынша, шынайы оқиғаларға негізделген хикаяны түсіру қиынға соққан. Әскери техникалар мен реквизиттерден басқа, актерлар гриміне баса назар аударылды.

Айта кету керек, авторлар фильм атауына әлі тоқтала қоймады. Картинаның уақытша атауы әзірге «Қашу» деп аталады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

22 января 2018, 01:05

Дұрыс, бізге болған оқиға ізімен түсірілген осындай фильмдер керек

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер