È

Кинотеатрлардан Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмі көрсетіледі

Кинотеатрлардан Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмі көрсетіледі. Қазақстан киносы

15 қыркүйектен бастап еліміздің кинотеатрларынан Сәбит Құрманбековтың «Оралман» фильмі көрсетіле бастайды. Картинаның салтанатты тұсаукесері 14 қыркүйек күні Астанада болады. Көркем фильм астанадан бөлек, Алматы, Шымкент, Қарағанды мен Ақтөбе қалаларында көрсетілмек.

«Оралман» фильмінде бір қазақ отбасының өмірі баяндалады. Олар бұрын туған отанынан кетіп, Ауғанстанға көшіп барған. Жаңа кезең орнағаннан кейін отбасы қайтадан Қазақстанға, ата-бабаларының туған жеріне оралу квотасына ие болады. Кейіпкерлер туған жерлеріне ұзақ жол жүреді. Көрермендер драмадан Дулыға Ақмолда, Ержан Түсіпов, Есім Сегізбаев, Шынар Асқарова және Баян Кажнабиеваны көре алады.

Сәбит Құрманбековтың айтуы бойынша, отанға оралу мәселесі – заманауи өмірдің өзекті тақырыптарының бірі, бұл туралы тек БАҚ арқылы ғана емес, кинематограф арқылы да айту керек. Фильм сценарийін Нұрлан Санжар жазды, ал музыкасымен композитор Айдос Сағат айналысты.

Еске сала кетсек, отандық режиссердің жұмысы халықаралық аренада бірнеше рет бағаланып үлгерген. «Оралманның» қоржынында «Фаджр» ХКФ-нің «Үздік азиаттық фильм» және XIII «Еуразия» кинофестивалінің «Гран-при» жүлделері бар.Қазіргі таңда таспа мұсылман киносының XIII Қазан халықаралық кинофестивалінің байқау бағдарламасына қатысуда.

«Оралман» фильмінің жабық көрсетілімі 2016 жылдың қараша айында Алматыда көрсетілген болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер

Линда Нығматулина

Актриса

Геннадий Балаев

Актер

Нұржұман Ықтымбаев

Актер