«Оралман» фильмі «Еуразия» ХКФ-нің негізгі байқауына енді
Режиссер Сәбит Құрманбековтың «Оралман» картинасы Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің негізгі байқауына енді. Көркем фильм тарихи отанына оралған қазақ отбасы туралы баяндайды.
«Еуразияның» негізгі байқауына қазақ драмасынан бөлек, 11 фильм ұсынылған. Фестиваль қонақтарына алғаш рет келесі туындылар көрсетілмек: Ақтан Арым Құбат - «Кентавр» (Қырғызстан), Хуан Цзи мен Рюдзи Оцук - «Ақымақ құс» (Қытай), Фелипе Вара де Рей - «Біз» (Испания), Нана Эквтимишвили мен Саймон Гросс – «Менің бақытты отбасым» (Грузия, Германия, Франция), Джейлан Озгюн Озчелик – «Алаудың ішінде» (Түркия), Ильгар Наджаф – «Анарлы бақ» (Әзербайжан), Фам Хонг Ан – «Жол бекеті» (Вьетнам), Ли Юн-ги – «Бір күн» (Оңтүстік Корея), Хагар Бен-Ашер – «Қарақшы» (Израиль, Германия, Франция), Борис Хлебников - «Аритмия» (Ресей) және Ханун Брамантйо «Картини» (Индонезия).
«Оралман» фильмінен көрініс
Айта кету керек, «Оралман» драмасы халықаралық кинокөрсетілімге бірінші рет қатысып отырған жоқ. Бұрын картина «Фаджр» иран кинофестивалінде үздік азиаттық фильм атауына ие болған. Ал биылғы қыркүйек айында отандық таспамыз Халықаралық мұсылман киносының Қазан фестиваліне аттанбақ.
«Еуразия» кинофестивалі Астанада 22 шілдеде басталады. Байқаудың негізгі тақырыбы ЭКСПО көрмесіне сай болып, «Еуропа мен Азия арасындағы мәдени көпір» және «Сандық жол» деп аталады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін