È

Отандық алты картина «Еуразия-2017» ХКФ-нің байқау бағдарламасына енді

Отандық алты картина «Еуразия-2017» ХКФ-нің байқау бағдарламасына енді

Астанада 22-28 шілде аралығында XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі болады. Көлемді кинокөрсетілім «Азия мен Еуропа арасындағы мәдени көпір» және «Сандық жол» ұрандарымен өтеді.

Қысқаметражды фильмдердің байқау бағдарламасы аясында 30 жұмыс таныстырылады, олардың алтауы отандық режиссерлардың картиналары. I Республикалық қысқаметражды кинофестивалінің жеңімпазы Дархан Төлегеновтың «Бағыт» фильмі, Жаннар Шораеваның «Ақырғы теңізге» картинасы, Мейіржан Сандыбайдың «Ит» анимациясы, Айгүл Ақсамбиеваның «Саз-махаббат» туындысы, Джулия Ғанидің «Ашынасы» және Сәбит Әбдінің «Ғайша» картинасы үздіктер атауына таласатын болады.

Дархан Төлегеновтың «Бағыт» фильмінен көрініс

Қазақстан фильмдеріне бәсекелес ретінде Әзербайжан, Италия, Индонезия, Қырғызстан, Малайзия, Ресей, Түркия, Украина, Өзбекстан, Франция және Оңтүстік Корея елдерінен келген жұмыстар қатысады.

«Еуразия» ХКФ-де барлығы 296 картина көрсетілмек. Оның ішіндегі 101 фильм байқау бағдарламасына енген.

Еске сала кетсек, биылғы жылы фестиваль қонақтарына жаңа бөлімдер ұсынылады. Яғни, «Бес құрлық» балалар фильмдері байқауы өтеді және дамушы елдердің кинотаспалары көрсетілетін «Алты алаңқай» атты бөлімі болады.

 

Превью: «Еуразия» ХКФ-нің Facebook-тегі ресми парақшасынан

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер