È

Павлодарда I Халықаралық «Ертіс Cinema» кинофестивалі өтті

Павлодарда I Халықаралық «Ертіс Cinema» кинофестивалі өтті

Павлодарда 11 шілде күні басталған I Халықаралық «Ертіс Cinema» қысқаметражды кинофестивалі өз мәресіне жетті. Ұйымдастырушылар қазылар алқасы мүшелерінің дауыс беру қорытындысын жариялап, алғашқы жүлдегерлерді естелік дипломдармен және мүсіншелермен марапаттады. Байқау мен байқаудан тыс бағдарламаларға әлемнің 20 елінен барлығы 99 жұмыс қатысты.

Ойнамалы кино байқауында III дәрежелі Дипломға Абдаузим Ильхамджанов пен Ботир Абдурахмановтың «Ана» фильмі (Өзбекстан), II дәрежелі Дипломға Константин Челидзенің «Супержүлде» картинасы (Ресей), ал I дәрежелі Дипломға Файзулло Файзовтің «Такси» фильмі (Тәжікстан) ие болды. Гран-приді Шұғыла Сержанның «Самал» отандық таспасы жеңіп алды.

Деректі кино бөлімінде Симо Брдардың «Қанды крест» картинасы (Сербия) II дәрежелі Диплом алды, ал I дәрежелі Дипломға Мане Багдасарянның «Adaptation» фильмі (Армения) ие болды. «Үздік деректі фильм» жүлдесі Евгений Лумповтың «Жол» деректі таспасына (Қазақстан) бұйырды.

Келесі аталымдар бойынша арнайы жүлде алғандар:

«Үздік актерлік ойын» - Виктория Толстоногова («Ата-аналық сенбілік», Ресей);

«Үздік операторлық жұмыс» - Айдар Оспанов («Куб», Қазақстан);

«Ойнамалы кинодағы үздік режиссура» - Шолпан Төребай («Кісі», Қазақстан);

«Деректі кинодағы үздік режиссура» - Пайям Парсафар («Safe Passage», Иран);

«Үздік ойнамалы фильм» - «Соғыс күндері» (Ресей).

Көрермендер көзайымы жүлдесін иеленген картиналар:

«Байқау бағдарламасының ойнамалы фильмі үшін» - «Жөке шәйі», Сергей Соколов (Ресей);

«Байқау бағдарламасының деректі фильмі үшін» - «Себебі сүйемін», Камилла Бердімұратова (Қазақстан);

«Байқаудан тыс бағдарламаның ойнамалы фильмі үшін» - «Дерт», Темірлан Ердәулетов (Қазақстан).

Байқауға қатысушыларды халықаралық қазылар алқасы бағалады, олардың құрамында режиссер Ермек Тұрсынов, ресейлік режиссер Владимир Хотиненко, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Сламбек Тәуекел, режиссер Сатыбалды Нарымбетов, ТМД мен Балтия елдерінің кинематографшылар Одағы Конфедерациясының мүшесі Талғат Тайшанов, Чехов атындағы Павлодар театрының көркемдік жетекшісі Виктор Аввакумов, актер Фархат Әбдірайымов, актер Асқат Кучинчереков, режиссер Людмила Лебедева, «Қазақстан» РТРК» АҚ Павлодар филиалының директоры әрі журналист Салауат Игіліков болды.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер