È

Желіде «Әйел кедергі емес» комедиясының трейлері пайда болды

Желіде «Әйел кедергі емес» комедиясының трейлері пайда болды

Желіде «Әйел кедергі емес» комедиясының ресми трейлері пайда болды. Картина – режиссер Асқар Бисембиннің алтыншы толықметражды жұмысы.

«Әйел кедергі емес» картинасын Bissembin film компаниясы Sunny production-мен бірігіп түсірді. Сюжетте ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасында сызат пайда болады. Әйелі күйеуінің неліктен өзіне назар аудармай қалғанын түсінуге тырысады. Белгілі болғандай, ол жас қызбен әуейі болып жүр екен. Кейіпкер отбасын сақтап қалу үшін көптеген сынақтардан өтеді.

Асқар Бисембиннің айтуынша, отбасы шырқының бұзылуы секілді өзекті тақырыпқа қарамастан, фильмнің сюжет желісінде жеңіл кекесін мен жақсы әзілдер болады.

Ерлі-зайыптыларды Әсел Сәдуақасова мен Дәурен Айдарқұлов сомдады. Көрермендер көңілдестің рөлінде актриса Сая Оразғалиеваны көретін болады. Сондай-ақ, картинадан Жан Байжанбаев, Айнұр Ілиясова, Құмар Лұқманов және Марат Достаев төбе көрсетеді.

«Әйел кедергі емес» комедиясы отандық айналымға 2018 жылдың 5 сәуірінде шығады.

 

 

 

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

3 наурыз 2018, 00:10

Ждемс...

Мырзахмет

5 наурыз 2018, 01:26

да смотрю Айдаркулов прям часто стал сниматься, и к тому же, идея фильма типичный нам всем знакомая тема. Как всегда все из жизни взято, но и есть плюсы и минусы. Стоит посмотреть, для интереса.

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер